Сыбайлас жемқорлық – заманның өзгерістерімен бірге дамып, үлкен қаржы мен қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерде тамыр жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай келе жатқан дерттердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың дұрыс қызмет атқаруына теріс әсер етіп, олардың беделіне нұқсан келтіреді, заңды нормаларды бұзып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның барлығына белсенді қатысуы, жемқорлық жағдайларына қарсы жалпыға ортақ төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын жеткізді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарына сәйкес, жемқорлыққа қарсы шаралар әртүрлі салаларда жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлықпен жиі кездеседі. Сондықтан, пара беру мен пара алуды тоқтату үшін қоғам болып белсенді әрекет етуіміз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиімді қызметіне теріс әсер етіп, олардың беделін түсіреді, заңды нормаларды бұзады және азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталмауына себеп болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының міндеті болып табылады. Мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өздерінің өкілеттіктері шеңберінде кадр, бақылау, заңгерлік және басқа да қызметтерді пайдалана отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына және құқық бұзушылықтарға баруының бірнеше себептері бар. Ең алдымен, қызметшілердің білім деңгейінің төмендігі мен этикалық принциптерді сақтамауы бұл мәселеге әсер етеді. Кейбір мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылықтарға немқұрайлы қарауы, кәсіби этикасының жетіспеушілігі және жеке мүдделерін бірінші орынға қоюы парақорлықтың таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, кей мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды орындаудағы немқұрайлығы да жемқорлықтың тереңдеуіне себеп болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты екі негізгі бағытқа негізделген: бірінші – ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, кішкентай кезінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; екінші – мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту.
Қоғамның тиімділігі, әсіресе жастарымызды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және алдын алу жергілікті мәселелерді зерттеу арқылы арта түседі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық мүшелерінің жүйелі түрде күш жұмсауы қажет.
Ел Президентінің жолдауында: «Заңды бұзған болсаң, оның баптарына сәйкес жауап бересің» деген нақты ереже бар. Егер бұл орындалмаса, біз кеңестік кезеңдегі «заңды қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртіптің» қайталануы мүмкін», — деп атап өтті. Сондықтан, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асуына және заңнамалардың талаптарына сай орындалуына мүдделі болуды өз міндеті ретінде қабылдайды.
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
аға сот приставы.