• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 2 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

27.01.2025
in Басты ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің міндеттерінің бірі – тиісті әкімшілік

Оқи отырыңыз...

Агроөнеркәсіптегі қолдау: Түркістанда ашық есік күні өтті

Агроөнеркәсіптегі қолдау: Түркістанда ашық есік күні өтті

31.08.2025
Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі

Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі

30.08.2025

В Шымкенте прошел семинар, посвященный новому Налоговому кодексу

28.08.2025

-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдау.

Бәрімізге мәлім, Қазақстан Республикасы Президентінің

2022 жылғы 13 сәуірде Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы № 872 Жарлығы қабылданған.

Аталған Жарлықта белгіленген мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында, 2022 жылдан бастап Департамент тарапынан өңірлік деңгейде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл атқарылып жатқан қызметте көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін   мемлекеттік органдардың қайталанатын және артық міндеттерін, функцияларын; артық, шектен тыс, негізсіз талаптарды және (немесе) шығындарды; алдамшы, жалған және негізсіз, оның ішінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты қызметті; құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың, сондай-ақ басқарушылық қызметтегі олқылықтардың орнын толтыруға және кемшіліктерін жетілдірудегі кедергілерді жою жөніндегі міндеттер қойылып отыр.

Кедергілерді анықтау кезең-кезеңімен жеке дара тақырыптық бөліністерге сәйкес жүргізіліп келе жатыр.

Жалпы бүгінгі күнге дейін республика көлемінде Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен 550-ден астам бюрократиялық кейстер мен оларды шешу жолдары туралы ұсыныстар әзірленді.

Өз кезегінде, жыл басынан Департаментпен Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша «Құрылымдық және аумақтық департаменттер директорларының (басшыларының) орынбасарларының болу орындылығы», «Субсидиялар беру кезінде қолданылатын субъективті критерийлерді және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын алып тастау», «Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық», «Мемлекеттік органдарда кадр, қаржы және заң қызметтерін орталықтандыруды жүргізу тиімділігінің мониторингі формализмді барынша азайту және басқару шешімдерінің сапасын арттыру», «Мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау бюрократия мен әуре-сарсаңның белгілерін анықтау және азайту», «Өңірлік даму» бағыттарына қатысты жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша 52 ұсыныс жолданған.

Сондай-ақ, су ресурстары және ирригация салаларын бюрократиядан арылту бойынша жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша 56 ұсыныс жолданған.

Мәселен, Депаратментпен қазіргі таңда облыс көлемінде өзекті тақырып болып саналатын «Атқарушылық геодезиялық түсірілімді мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеуді оңтайландыру бағыты» бойынша талдау жүргізіліп, арнайы прблемалық мәселе анықталды.

Облыстағы барлық аудандар мен қаладағы құрылысы аяқталған нысандардың дербес және мемлекеттік қабылдау актілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығының 79-1 тармағына сәйкес жүргізіледі.

Бұйрықтың 79-1 тармағында – тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеу үшін «Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен бекітілген Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларына сәйкес жолдайды.

Өз кезегінде, Түркістан қаласындағы «Мемқалақұрылыскадастр» РМК Түркістан филиалы атқарушылық геодезиялық түсірілімді мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеуді жүзеге асырады.

Қазіргі таңда, облыста әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты, қабылданатын объектілер, яғни, жеке тұрғын үйлер, мемлекеттік нысандар, кәсіпкерлік бағыттағы объектілер, инфрақұрылым жүйелері және т.б. нысандар пайдалануға қабылдануда.

Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық объектілер тіркеуге өткізілген.

Алайда, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу үшін, жеке және заңды тұлғалар облыс орталығы – Түркістан қаласына барып, тіркеуге мәжбүр болып жатыр.

Бұл тұста, түсірілген атқарушылық геодезиялық түсірілімнің немесе құжаттардың қате болуына байланысты 2-3 рет барып келу, шалғай жатқан аудандардың тұрғындарына қиындық туғызуда.

Осыған орай, дайын болған атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу «Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет веб-порталына онлайн түрде құжаттарды қабылдау қызметін іске қосу немесе  қағаз  жеткізгіште қабылдау бойынша әр ауданның халыққа қызмет көрсету орталықтарына «Мемқалақұрылыскадастр» РМК Түркістан филиалының маманын құжат қабылдау бойынша өкілі ретінде отырғызу ұсынылды.

Нәтижесінде, атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу үшін Түркістан қаласына бармай онлайн немесе тұрғынның тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан орталыққа барып тапсырады. Сонымен қатар, тіркеу қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілед.

Жоғарыда аталған шаралардың барлығы мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау, оның ішінде бюрократия мен

әуре-сарсаңның белгілерін анықтау мен азайтуға бағытталған.

Абылайхан НАУРЫЗБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте открылась новая школа в рамках проекта «Келешек мектебі»

В Шымкенте открылась новая школа в рамках проекта «Келешек мектебі»

01.09.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

01.09.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 МЕКТЕП АШЫЛДЫ

01.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған