• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот – мемлекеттік биліктің бір тармағы

11.01.2025
in Құқық-заң
Сот – мемлекеттік биліктің бір тармағы

Сот жүйесін дамыту және тәуелсіз соттарды құру – жүргізіліп жатқан сот реформасының негізгі мақсаты. Судьялардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңында және басқа да заңдарда белгіленген.

Оқи отырыңыз...

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025
Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

Кассациялық соттар туралы

25.06.2025

Сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру барысында, адам тағдыры шешілетін сәтте, тәуелсіз болып, тек Конституция мен заңға бағынады.

Цифрлық технологиялар дәуірінің басталуымен Қазақстан Республикасының сот жүйесі жаңа кезеңге – модернизацияға қадам басты. Бұл кезеңде сот ісін жүргізуді жеңілдету, мамандандырылған соттарды құру, алқабилерді қылмыстық істерге тарту, сондай-ақ бейтарап тарап – медиацияның қатысуымен дауларды баламалы түрде шешу құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылданды. Нәтижесінде, сот жүйесінің жетістіктеріне жету және қоғамның сенімін kazanу үшін отыз жылдай уақыт қажет болды.

Қазіргі таңда Қазақстандағы сот жүйесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, жергілікті соттар және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған басқа соттардан тұрады.

Саланың цифрлануы сот жүйесіне жаңа серпін берді. Қазіргі уақытта заманауи технологиялармен жабдықталған сот залдары сот ісінің сапасын арттыруға ықпал етуде. Сот мәжілістері толықтай бейнежазбаға түсіріліп, заңдастырылған, ал оны ешкім өңдеп, өзгертуге құқығы жоқ. Бұл, өз кезегінде, сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғау сапасын одан әрі жақсартатыны сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында саяси-экономикалық және әлеуметтік дамудың негізі ретінде сот саласына ерекше назар аударды. Оның ішінде «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасының алғышарты ретінде дұрыс әрі әділ шешімдер шығаратын сот жүйесін қалыптастыруға басымдық берілді.

Соңғы жылдары сот саласындағы кәсібилікке қойылатын талаптар күшейтілді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» және басқа да заңдарға еліміздің судьялар құрамын демократияландыруға бағытталған өзгерістер енгізілді. Судьялардың кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыру, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтамағаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ судьялық әдепті нығайту бойынша шаралар қабылданды. Судья сот істерін қарау барысында заңдылықты бұзғаны, судья әдебіне қайшы әрекеттер жасағаны немесе еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Тәртіптік істерді қозғау құқығы тек Жоғарғы сот төрағасы мен облыстық сот төрағасына беріледі. Яғни, заң алдында барлығы тең.

Сот жүйесі заң үстемдігінің кепілі ретінде әділдікті қамтамасыз етіп, құрметке ие болады деген сенімдемін.

Айнұр БЕРДАЛИНА,
Шымкент қаласының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маманы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

03.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған