• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 3 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІР ЖЫЛДА 154 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

10.01.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІР ЖЫЛДА 154 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандармен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 182 елді мекенде 213 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 30,1 млрд теңге бөлінді. Оның 57-сі өтпелі, 156-сы – жаңа жобалар. Бір жылда 154 жоба жүзеге асырылып, қаржының 99,2 пайызы игерілген.

Оқи отырыңыз...

Агроөнеркәсіптегі қолдау: Түркістанда ашық есік күні өтті

Агроөнеркәсіптегі қолдау: Түркістанда ашық есік күні өтті

31.08.2025
Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі

Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі

30.08.2025

В Шымкенте прошел семинар, посвященный новому Налоговому кодексу

28.08.2025

✔️«Ауыл – Ел бесігі» жобасына қатысты жоспарлар мен мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.

📌– Аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшылары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын уақтылы өткізіп, жұмысты үйлестірулері керек. Нысандардың құрылысы жылдам басталып, уақтылы аяқталуы тиіс. Осыған мән беріңіздер. Кемшілікке жол бергендердің қызметтік жауапкершілігі қаралады. Аталған жоба бойынша әр аудан әкімінің екі-үш жылға арналған жоспары әзірленуі қажет. Ауылдар мен елді мекендер зерделеніп, халыққа аса қажетті әрі өмір сапасына тікелей әсер ететін жобалар жүзеге асырылсын, – деген Нұралхан Көшеров жұмысты дұрыс үйлестіре алмаған әкімдердің есептерін тыңдап, тиісті міндеттер жүктеді.

📌Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 4 мәдениет үйі, 4 спорт нысаны, 1 мектептің қосымша оқу корпусы салынса, 20 электрмен жабдықтау, 12 газбен қамтамасыз ету нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оған қоса 4 мектеп, 4 мәдениет үйі, 3 ауыз су нысаны күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жол жөндеу саласында 102 жоба іске асырылып, 339 ішкі көше (330 шақырым) орташа жөндеуден өткізілді. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылған.

✔️2025 жылы 139 жобаны (85 жаңа жоба, 54 өтпелі) іске асыруға бюджеттен қаржы бөлу жоспарланды. Жобаларды іске асыру барысында мыңнан аса жаңа жұмыс орнын (250 тұрақты, 833 уақытша) ашу көзделген. 2025 жылға 85 жаңа жобаларды іске асыруға 13,3 млрд теңге қарастырылмақ. Нәтижесінде 503,9 мың халық тұратын 140 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы жақсарады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

————————

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОЕКТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЗА ГОД РЕАЛИЗОВАНО 154 ПРОЕКТА

✔️В Туркестанской области активно реализуется проект «Ауыл – Ел бесігі», направленный на улучшение инфраструктуры и обеспечение социальных объектов. В 2024 году в рамках данного проекта выделено 30,1 млрд тенге на реализацию 213 проектов в 182 населенных пунктах. Из них 57 проектов являются переходящими, а 156 — новыми. За 2023 год было реализовано 154 проекта, с освоением 99,2% выделенных средств.

✔️Планы и задачи проекта были обсуждены на заседании акимата области. Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров дал поручения ответственным руководителям:

📌— Акимы районов и городов, а также руководители профильных управлений обязаны своевременно проводить государственные закупки и координировать работу. Строительство объектов должно начинаться оперативно и завершаться в установленный срок. За допущенные недостатки будет рассматриваться служебная ответственность. Каждый район должен разработать планы на 2–3 года с учетом нужд населения, а проекты, влияющие на качество жизни, должны быть приоритетными, — подчеркнул аким области.

📌По словам руководителя управления экономики и бюджетного планирования Туркестанской области Каната Кайыпбека, в 2024 году по проекту «Ауыл – Ел бесігі» были построены 4 дома культуры, 4 спортивных объекта, дополнительный учебный корпус 1 школы, 20 объектов электроснабжения, 12 объектов газоснабжения. Кроме того, капитально отремонтированы 4 школы, 4 дома культуры, 3 питьевых объекта. Также в сфере ремонта дорог реализовано 102 проекта, проведен средний ремонт 339 внутренних улиц (330 км). В результате реализации проектов создано более 1,5 тыс. рабочих мест.

✔️В 2025 году запланировано финансирование 139 проектов (85 новых и 54 переходящих). На их реализацию будет выделено 13,3 млрд тенге. Ожидается создание более 1000 рабочих мест (250 постоянных и 833 временных). Улучшение коснется 140 населенных пунктов с общим числом жителей 503,9 тыс. человек.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

03.09.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ

02.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАКОН ЕДИН ДЛЯ ВСЕХ

02.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған