Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтіледі. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралған мәжілісте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Бекітілген индикаторды орындамаған басшыларға сын-ескертпе айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды.
📌– Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы саласы өте маңызды. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Әрбір ауданның ерекшелігіне сай шаруашылықты дамытып, жобалар жасап, өнімділікті арттыру қажет. Ет, сүт өндіру, инвестиция тарту көрсеткіштері төмендеген аудандар осы мәселеге назар аударсын. Аудан, қала әкімдері ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлікке жауапты басқармалармен бірлесіп, инвестиция тарту жұмысын күшейтсін. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстарымыз жалғасады, – деген Нұралхан Көшеров жауаптыларға көктемгі дала жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, шаруаларды жеңілдетілген жанар-жағармай мен тұқыммен қамтамасыз ету, инвестиция тарту жөнінде тапсырмалар берді.
✔️Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плаловтың айтуынша, аймақта ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан. Республикадағы ауыл шаруашылығы өнімінің 13 пайызын өндіретін Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында тұр. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 146,1 млрд теңге тартылған. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада екінші орынға тұрақтаған.
☘️Облыста ауыл шаруашылығы саласын 7 бағыт бойынша дамыту жоспары бекітілген. Біріншіден, ауыл шаруашылығы дақылдардың өнімділігін арттыру көзделген. Егіс көлемі 37 мың гектарға артып, 906,2 мың гектарды құрайды деп күтілуде. Екіншіден, мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары жалғасады. Үшіншіден, су үнемдеу технологияларын ендіру жұмысы жалғасып, жаңадан 47 мың гектарға ендіріледі. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы техникалары паркі жаңартылады. Салаға жалпы құны 155 млрд теңге тартылып, 35 жоба іске асырылады. Оның ішінде 7 қайта өңдеу кәсіпорны ашылады. «Ауыл аманаты» жобасын кооперацияға бағдарлау шарасы жалғасады. 2025 жылдың алғашқы кезеңіне 7,4 млрд теңге бөлініп, жаңадан 62 кооператив құрылады деп жоспарланған. Сонымен бірге облыста су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________
13% СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ПРОДУКЦИИ РЕСПУБЛИКИ ПРИХОДИТСЯ НА ТУРКЕСТАНСКУЮ ОБЛАСТЬ
✔️В Туркестанской области планируется активизировать развитие сельского хозяйства, привлечение инвестиций, углубленную переработку продукции и внедрение технологий водосбережения. На заседании, посвящённом вопросам развития агропромышленного комплекса, аким области Нуралхан Кушеров дал конкретные поручения руководителям управлений, а также акимам районов и городов. Он указал на необходимость усиления работы и выполнения установленных показателей.
📌— Для Туркестанской области сельское хозяйство является стратегически важной отраслью. Мы должны активизировать работу в этом направлении. Необходимо развивать хозяйство с учетом особенностей каждого района, разрабатывать проекты и повышать производительность. Районам с низкими показателями по производству мяса, молока и привлечению инвестиций необходимо уделить этому внимание. Акимы районов и городов, совместно с профильными управлениями, должны активизировать работу по привлечению инвестиций. Системная работа в этом направлении будет продолжена, — отметил Нуралхан Кушеров. Он также дал поручения по качественной организации весенне-полевых работ, обеспечению фермеров льготным топливом и семенами, а также усилению инвестиционной активности.
✔️Согласно информации временно исполняющего обязанности руководителя областного управления сельского хозяйства Алибека Плалова, объём валовой продукции сельского хозяйства региона превысил 1 трлн тенге. Туркестанская область производит 13% сельскохозяйственной продукции страны, занимая первое место по этому показателю. В основной капитал агропромышленного комплекса привлечено 146,1 млрд тенге, что позволяет региону занять второе место в республике.
☘️Для развития сельского хозяйства утверждён план по семи направлениям. Увеличение урожайности сельскохозяйственных культур. Площадь посевов планируется увеличить на 37 тыс. га, доведя до 906,2 тыс. га. Развитие хлопково-текстильного кластера. Внедрение водосберегающих технологий на 47 тыс. га. Обновление парка сельскохозяйственной техники. Реализация 35 проектов общей стоимостью 155 млрд тенге, включая запуск 7 предприятий по переработке. Продолжение реализации проекта «Ауыл аманаты» с созданием 62 новых кооперативов. В рамках первой фазы в 2025 году будет выделено 7,4 млрд тенге. Проведение работ по восстановлению водных объектов.
Пресс-служба акима Туркестанской области