• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің отырысы өтті

24.12.2024
in Басты ақпарат
Түркістанда кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Жиында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға қатысты кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнеске әкімшілік қысымның алдын алу мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз...

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлеріне Конституциядағы маңызды өзгерістер түсіндірілді

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлеріне Конституциядағы маңызды өзгерістер түсіндірілді

13.02.2026
Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті

Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті

13.02.2026
ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ

Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум

13.02.2026

Отырысқа Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев, Облыстық прокуратура, Жер ресурстарын басқару департаменті басшысы, Кеңес мүшелері, мемлекеттік орган басшылары, қалалық, аудандық әкімдіктері мен Палатаның филиал директорлары және кәсіпкерлер қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы заңсыз берілген және мақсатсыз пайдаланылған жерлерді мемлекетке жеңілдетілген тәртіппен қайтару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, адал жер иеленушілерді қудалауға жол бермеу керектігіне ерекше назар аударды.

Инвестицияларының қорғалуына сенімділік – инвесторлар үшін басты тартымдылықтың бірі.

Алайда, жер учаскелерін беру туралы әкімдердің шешімдерін жаппай бұзу тәжірибесі бұл қағидаларға қайшы келеді. Бизнес өзінің жобасын іске асырып, қаражат құю кезінде өзінің жер учаскесі заңсыз берілгені себепті тартып алмайтынына сенімді болуы керек.

Алайда, бүгінгі таңда орын алған тәжірибе жер учаскесін мақсатты пайдаланып отырған кәсіпкерлер үшін қолайсыз болып отыр.

Кеңестің бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

1.  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы соттардағы талап арыздарды қайтару мәселесі.

2. Кеңестің 2024 жылы атқарылған жұмысын қорытындылау және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау.

Адал жер иеленушілерді қорғау Түркістан облысының ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Каримбаевтың айтуынша:

“Кейбір кәсіпкерлер өз жерін мақсатты пайдаланып, жұмыс орындарын ашып, салық төлеп отырса да, әкімдік қаулыларының жарамсыз деп танылуына байланысты сотқа тартылуда. Мысалы, 1937 жылы туған кәсіпкер Құдайбергенов Ерзах өзіне тиесілі жерді игеріп, мал шаруашылығымен айналысуда. Сондай-ақ, Шардара ауданындағы «Ерке Трейд» ЖШС шалғайдағы 500 гектар жерді игеріп, 300-ден астам уақ мал асырап, үш адамды жұмыспен қамтып отыр”, – деді ол.

Жүйелі шешімдер қажеттілігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы адал кәсіпкерлерді қорғау мәселесін бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Бас прокуратура да адал жер иеленушілерге қатысты соттағы талап арыздарды қайтару туралы тапсырма берген.

Бұл жағдай жерді тиімді және әділ пайдалану, адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін нақты реформалар мен жүйелі шешімдердің қажеттілігін көрсетеді. Мемлекеттік органдардың бизнеске кедергі келтірмей, керісінше қолдау көрсетуі – елдің экономикалық тұрақтылығы мен дамуы үшін маңызды қадам.

Жиын соңында Кеңестің хаттамалық шешімімен қала, аудан әкімдіктеріне тізімге алынған шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің даулы жер учаскелерін мақсатты пайдалануын анықтап, облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне ұсынуды, ал департаментке аудандардан келген ақпараттарды зерделеп, соттардағы талап арыздарды қайтару үшін прокуратура органдарына келісуге жолдау жұмыстарын жеделдетуді ұсынды.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлеріне Конституциядағы маңызды өзгерістер түсіндірілді

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлеріне Конституциядағы маңызды өзгерістер түсіндірілді

13.02.2026
Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті

Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті

13.02.2026
ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ

Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум

13.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған