• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Мемлекеттік тілді насихаттау

05.12.2024
in Құқық-заң
Мемлекеттік тілді насихаттау

Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі ретінде Конституцияда бекітілген. Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулықтың негізі. Егер біз мемлекеттік тілді дамытатын болсақ, онда өзге ұлт өкілдерімен осы тілде қарым-қатынас жасай аламыз.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025

Қазіргі уақытта еліміз өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде танылып отыр. Ата заңымыздың аясында еліміздің бақ-берекесінің сақталуы тіл саясатын дұрыс жүргізудің нәтижесі болып табылады.

Тіл – халықтың байлығы, ұлттың рухы. Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде, себебі тіл – біздің ана тіліміз, Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымызбен бірге еліміздің басты символдарының бірі болып саналады.

Мемлекеттік тілдің басты мақсаты – оны қорғау, ұлттық сана-сезімі жоғары, ұлтшылдыққа емес, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру, тілді үйренуге деген қызығушылық пен ынтаны күшейту және патриоттық сезімді ояту да маңызды міндеттер болып табылады.

Тіл мәселесі ұлттың руханиятының негізі болғандықтан, оған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында: «Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деп атап көрсеткен. Бұл сөздер тілдің маңызы мен қажеттілігін терең түсіндіріп, оның қолданылу аясын кеңейтудің маңыздылығын айқындайды.

Қазіргі таңда қазақ тілін дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселе сот жүйесіне де тікелей қатысты. Сондықтан, еліміздің Жоғарғы Соты тарапынан осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде сала қызметкерлері мемлекеттік тілді дамытуға белсенді түрде үлес қосуда. Тіл саясаты тиісті көрсеткіштер бойынша бақылауға алынып, табанды түрде жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, соттағы кіріс-шығыс құжаттары, ішкі және жалпы құжат айналымы, сондай-ақ соттарда қазақ тілінде қаралып жатқан істердің үлесі, судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі де қадағаланып отыр.

Қазіргі таңда қазақ тілі мемлекеттік биліктің сот тармағында да лайықты орын алып, өз деңгейіне көтерілуде. Сот қызметкерлері арасында қазақ тілінде іс қағаздарын сауатты және дұрыс жүргізу маңызды міндетке айналды. Сот ғимараттарында сотқа келушілерге арналған хабарламалар мен шағым үлгілері алдымен мемлекеттік тілде, кейін орыс тілінде жазылған. Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен мекемелерде рәсімделетін кіріс-шығыс құжаттарының сауатты дайындалуы, сондай-ақ мемлекеттік тілге деген сұраныстың артқанын көрсетеді.

Мемлекеттік тілде қаралатын істердің соттарда көп немесе аз болуы судьяларға емес, негізінен азаматтарға, қазақша білмейтін құзырлы орган қызметкерлеріне, тергеушілерге, адвокаттар мен заңды өкілдерге байланысты. Себебі, заң талаптарына сәйкес, қылмыстық процесте сот істері алдын ала тергеу барысында іс материалдарының әзірленген тіліне, ал азаматтық процесте талап арыздың берілген тіліне қарай жүргізіледі. Біз мемлекеттік тілді іс жүргізуде толық көлемде қолданамыз, оған ешқандай кедергі жоқ. Егер сотта іс жүргізілетін тілде сөйлей алмайтын тарап болса, олар заң бойынша аудармашының ақысыз қызметімен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық болмысымыздың басты тірегі – ана тіліміздің құндылығын, ғасырлар бойы жинақталған рухани мұрамыз бен салт-дәстүрлерімізді болашақ ұрпаққа жеткізу әрқайсымызға ата-бабамыздан қалған қасиетті әрі аса жауапты міндет болып табылады.

Г.РАХМЕТУЛЛИНА,

Шымкент қаласы

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған