«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Арыс қаласы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі болып Маңқараев Қайсар Зәкірұлы тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді қала активіне таныстырып, бірқатар тапсырма жүктеді.
– Бүгін қаладағы кадрлық өзгерістерге байланысты жиналып отырмыз. Арыс қаласының әкімі қызметін атқарып келген Гүлжан Мамытқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметінен босатылды. Гүлжан Мамытқызы өзін білікті басшы ретінде таныта білді және қаланың дамуына өз үлесін қосты. Алғысымызды білдіреміз. Бүгін қалаға жаңа әкім тағайындалып отыр. Облыстың бағыты – өндіріс және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, экономиканы көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Қайсар Зәкірұлына осы бағытта белсенді жұмыс істеуді тапсырамын. Логистикалық әлеуеті жоғары Арыстың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, өндірісі дамыған қалаға айналдыру қажет. «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, аймақты абаттандыру да маңызды, – деген Дархан Сатыбалды басым бағыттарды белгілеп берді.
Қайсар Маңқараев 1979 жылы, 9 сәуірде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандықтары: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 16 жыл, 9 ай. Еңбек жолын 2000 жылы бастап, Шымкент қаласында, «Береке» ЖШС-інде кассир, менеджер, экономист болып жұмыс істеген. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының дәрменсіз кәсіпорындарға мониторинг бөлімінің жетекші маманы болды. Ал 2005-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі органдарында еңбек еткен. 2010-2016 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы Парламенті шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында басшылық лауазымдарында, Орал қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды. 2016-2022 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды. 2022 жылдан бері Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———————
НАЗНАЧЕН НОВЫЙ АКИМ ГОРОДА АРЫС
В соответствии с пунктом 23-1 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении» и по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и маслихатом города Арыс, по распоряжению акима Туркестанской области, акимом города Арыс Туркестанской области назначен Манкараев Кайсар Закирулы. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды представил нового акима активу города и дал ряд поручений.
– Сегодня мы собрались в связи с кадровыми изменениями в городе. Аким города Арыс Гульжан Мамыткызы, в связи с переходом на другую работу, освобождена от занимаемой должности. Гульжан Мамыткызы зарекомендовала себя как квалифицированный руководитель и внесла значительный вклад в развитие города. Мы выражаем ей благодарность. Основные направления области – это развитие производства, открытие новых рабочих мест, привлечение инвестиций, повышение экономики и улучшение благосостояния населения. Кайсар Закирулы должен активно работать в этих направлениях. Необходимо полностью использовать логистический потенциал города Арыс и превратить его в промышленно развитый город. Важно также реализовать программу «Таза Қазақстан», а также благоустройство региона, – отметил Дархан Сатыбалды, указав на основные приоритеты.
Кайсар Манкараев родился 9 апреля 1979 года. Образование высшее. Специальности: бухгалтерский учет и аудит, правоведение. Стаж работы в государственной службе: 16 лет 9 месяцев. Свою трудовую деятельность он начал в 2000 году в Шымкенте, работая кассиром, менеджером и экономистом в ТОО «Береке». С 2004 года работал ведущим специалистом отдела мониторинга неплатежеспособных предприятий Комитета по работе с должниками Министерства финансов Республики Казахстан в городе Астана. В период с 2005 по 2010 годы трудился в органах Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономическими и коррупционными правонарушениями. С 2010 по 2016 годы занимал должности заместителя директора Республиканского государственного казенного предприятия «Дирекция административных зданий Парламента Республики Казахстан», руководил должностными обязанностями в акционерном обществе Национальной компании «Орал» и работал заместителем акима города Орал. С 2016 по 2022 год был руководителем управления экономики и бюджетного планирования Западно-Казахстанской области, советником акима города Нур-Султан, а также руководителем управления стратегического и бюджетного планирования города Нур-Султан. С 2022 года занимал должность руководителя управления экономики и бюджетного планирования города Астана.
Пресс-служба акима Туркестанской области