• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 14 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ресейдің бірнеше қаласында қазақ мектебі ашылуы мүмкін

27.11.2024
in Басты ақпарат

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

13.02.2026
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

13.02.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

13.02.2026
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясының бірнеше қаласында қазақ мектебін ашу мәселесі екіжақты талқыланып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті. 

«Иә, бұл мәселе талқыланып жатыр, үш аймақ қарастырылып отыр Астрахан, Орынбор және Омбы немесе Томбы нақты есімде жоқ. Қазақ диаспорасы шоғырланған аймақтарда қазақ мектебін ашу мүмкіндігі қаралып жатыр. Жұмысты ресейлік әріптестерімізбен бірлесіп жүргіземіз», — деді Ғани Бейсембаев Мәжіліс отырысы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Осылайша, министр Ресейде қазақ мектебін ашу ұсынысы қолдау тапқанын растады.

«Бұған дейін Ресейдің еліміздің оңтүстігінде мектеп салу жоспары туралы айтылған еді. Бұл да талқыланып жатыр, желтоқсанда нақты шешім қабылданады», — деп толықтырды ведомство басшысы.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне жарияланған мақаласында Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылатынына сенетінін айтқан еді. Сондай-ақ Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігін ашу жоспары жайлы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путиннің Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы туралы мақаласы жарияланды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

14.02.2026
Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі — Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы

Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі — Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы

14.02.2026
Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді — Бақыт Нұрмұханов

Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді — Бақыт Нұрмұханов

14.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған