• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 12 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қарағандыда жылу бағасы қымбаттады

21.11.2024
in Басты ақпарат
Қарағандыда жылу бағасы қымбаттады

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағандыда жылу бағасы тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін жылу 0,2%, ал бюджеттік ұйымдар үшін 14,2% қымбаттаған, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қарағандыда 10 қарашадан бастап жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер бекітілді. Ол қосылған құн салығы есебінсіз бір гигакалория үшін 8795 теңгені құрады.

«Қарағанды Теплотранзит» ЖШС компаниясының директоры Алданыш Күніспековтың айтуынша, бұл шара мәжбүрлі түрде жүзеге асырылып жатқан қадам.

«Жылу энергиясымен жабдықтау тарифінің артуы жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтің 5% — ға өсуі, сондай-ақ стратегиялық тауар құнының өзгеруіне байланысты. Тарифтерді көтеру бойынша негізгі жүктемені бюджеттік ұйымдар көтерді, олар үшін өсім 14% — құрады, халық үшін тариф іс жүзінде айтарлықтай өзгерген жоқ. Өсім бір гигакалория үшін 0,2% немесе 11 теңгені құрады. Бір шаршы метр үшін төлем 190 теңгені құрайды», — деді Алданыш Күніспеков.

Енді жеке тұлғалар үшін қосылған құн есебінсіз гигакалория 4994 теңгені, басқа тұтынушылар үшін 15007 теңгені құрайды. Бірақ бюджет қаражаты есебінен күн көріп отырған ұйымдар гигакалория үшін 32 мың теңгеден төлейтін болады. Облыстық Қоғамдық кеңесінің экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы Айжан Қиясованың айтуынша, тарифтік жоспар бюджет қаражатына тәуелді ұйымның қалтасына қатты әсер етеді.

«Ауыр жүктеме бюджеттік ұйымдарға түседі. Коммуналдық қызметтердің қымбаттауы шамамен 14% құрады. Бағаны көтеруге негіз болған себептер мен мәселелер, әрине, шешілуі тиіс. Алайда, біз өз тарапымыздан жөндеу жұмыстарына немесе қайта құруға бағытталған шаралардың және қымбаттауға негіз болған шаралардың орындалуына бақылау күшейтілетінін айттық», — дейді айжан Қиясова.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, бұл мәселелер бюджет есебінен шешілмеуі тиіс. Жаңа тариф 2024 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді. Бұған дейін ол қосылған құн есебінсіз бір гигакалория үшін 4 433 теңгені құраған болатын.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

11.09.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

11.09.2025
Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған