• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 12 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Инфляция болжамдарына сенуге бола ма – Ұлттық банк жауабы

21.11.2024
in Басты ақпарат
Инфляция болжамдарына сенуге бола ма – Ұлттық банк жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Инфляцияны болжау кезінде қолданатын модельге енгізілген алғышарттар инфляция болжамдарының дәл келетінін көрсетеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының міндетін атқарушы Виталий Тутушкин Сенатта айтты.

Бүгін Сенат қабырғасында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңы қаралып жатыр.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

«10 айдағы ресми статистика елімізде инфляция 8,5 пайыз деңгейінде қалыптасқанын көрсетті, бұл 6-8 аралығында көрсетілген болжамнан асып түсті. Мұнда ТКШ тарифтерінің өсуі рөл ойнады, жанар-жағармайға шекті бағалардың жоспарлы түрде алынуы да қымбаттауға және инфляцияға ықпал етті. Ұлттық қордан қомақты қаражат алу, бюджеттің теңгерімсіздігі, теңгенің айырбас бағамының құбылмалылығы секілді проинфляциялық факторлар бар. Ресейден инфляция импорты сын-қатері төніп тұр. Қазан айында ондағы жоғары-негізгі мөлшерлеме 21 пайызға дейін көтерілді, бұл көрші елдегі инфляцияның жоғары деңгейін көрсетеді. Аталған факторларды ескере отырып, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз, 2026 жылы – 5-6 пайыз және 2027 жылы – 5 пайыз инфляция болжамы қаншалықты сенімді?», — деп сұрады Сенат депутаты Нұрлан Бекенов.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының міндетін атқарушы Виталий Тутушкин бұл болжамдарға негіз бар екенін айтуда. Яғни, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз, содан кейін 2026 жылы – 5-7 пайызға дейін төмендеу байқалмақ.

«Неліктен біз бұған сенімдіміз? Біріншіден, қазіргі инфляция біз белгілеген болжамдарға сәйкес келді. Содан кейін инфляциялық күту төмендейді деп болжап отырмыз – өткен жылдың қазан айында 16 пайызды, биылғы қазан айында 12,5 пайызды құрады. Яғни, инфляциялық күтудің айтарлықтай төмендеуі экономикалық субъектілердің Ұлттық банк пен Үкімет тарапынан инфляцияны төмендету саласында қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қолдайтынын және түсінетінін көрсетеді», — деді ол.

Сауда серіктес елдерде де спикер алдағы уақытта инфляцияның баяулауын болжап отыр.

«Қазіргі уақытта Ресейдегі инфляция динамикасы теріс сипатқа ие, ол өсіп келеді. Алайда келесі жылы Ресейдің орталық банкі инфляцияның айтарлықтай баяулайтынын болжады және негізгі мөлшерлеменің төмендеу процесі басталатынын айтуда. Бұл Ресей тарапынан Қазақстандағы ішкі бағаларға инфляциялық қысымның айтарлықтай төмендейтінін көрсетеді. Дегенмен біз орташа қатаң ақша-несие саясатын жалғастырамыз, егер инфляциялық процестердің тұрақты түрде төмендейтініне сенімді болмайынша, базалық мөлшерлемені төмендетпейміз. Жаңартылған болжамдар қосымша 29 қарашада жарияланады», — деді В. Тутушкин.

Бұған дейін Ұлттық банк инфляция болжамын жасаған еді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

11.09.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

11.09.2025
Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған