• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 12 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 60 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

18.11.2024
in Басты ақпарат
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 60 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Жетісай ауданында 2024 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 112,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артып отыр. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы — 64,2 млрд теңге, сауда — 28,3 млрд теңге, өнеркәсіп — 9,9 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі — 7,1 млрд теңге, тартылған инвестиция көлемі — 26,2 млрд теңге және құрылыс көлемі — 9,9 млрд теңгені құраған. Бұл жайында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

«Жетісай ауданында соңғы бес жылда 90,2 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында 419,6 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұдан бөлек, аудан аумағында құны 8,2 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 959 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ, алдағы жылдары жүзеге асатын құны 25,3 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобалар аясында 1 803 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар, Асықата кентінен 50 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриялық аймағын ашу жоспарлануда. Аталған индустриялық аймақта жалпы құны 47,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба орналасады. Онда 1 862 жаңа жұмыс орнын құрылады»,-деді аудан әкімі.

Спикердің сөзінше, биылғы жылы ауданда 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 200 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған. Сонымен қатар, биыл 1,2 гектар жерге жылыжайлардың құрылысы салынып, олардың көлемі 23 гектарға жеткен. Бүгінгі таңда 2 809 гектарды құрайтын мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарына тамшылатып суғару технологиясы ендірілген. Сондай-ақ, мақта дақылынан 105 мың тонна өнім алынған.

Айта кетейік, бүгінде ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандағы Ш.Ділдабеков, Жаңа ауыл, Атамекен, Жетісай қаласы «Ауыл аманаты» бағдарламасына еніп отыр. Осы ретте жалпы 200 жобаға 980,5 млн. теңге несие беру жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан.

11.09.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

11.09.2025
Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған