• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНВЕСТФОРУМДА 301 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ 35 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

31.10.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНВЕСТФОРУМДА 301 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ 35 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркі әлемінің туристік астанасында өтіп жатқан «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форум жұмысы әрі қарай «Өңдеу және өнеркәсіп саласындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы», «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы – 2025» және «Цифрлық трансформация» атты тақырыптық панельдік отырыстарға жалғасты.

Оқи отырыңыз...

Әркімнің даусы маңызды!

14.02.2026
Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту  

Айқын нәтиже» пилоттық жобасы: заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту  

14.02.2026
АРЫСТА «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА» ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРЫСТА «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА» ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.02.2026

Жиын барысында жалпы құны 301 млрд теңгеден асатын 35 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл келісім аясында өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, форум бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Түркістан облысының халықаралық ынтымақтастықтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Жалпы Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Түркістанда қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Осы мақсатта және өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Ал өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында текстиль кластерін құру, күн және жел электростанциясының құрылысы сияқты ірі жобалар бар.

Бүгінгі халықаралық форум дәл осы сапарлардың ресми жалғасына айналып, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара диалогтың маңызды алаңы болып отыр. Форумдағы келісімдер арқылы Түркістан облысында түрлі бағытта маңызды жобалар жүзеге асып, өндіріс орындары көбеймек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

14.02.2026
Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

14.02.2026

Әркімнің даусы маңызды!

14.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған