Бүгін Түркістанда Республика күніне арналған «Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы өтті. «Тұлғалар» прологымен ашылған мерекелік кеште ұлттық мерекенің мән-мазмұны жан-жақты айшықталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңір тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды да баяндады.
– Еліміз үшін бұл мерекенің ерекше тарихи мәні бар. Мемлекет Басшысының Ұлытауда өткен құрылтайдағы шешімінен кейін Республика күні ұлттық мерекесін жаңа мазмұнда атап өтудеміз. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздеріне жол ашты. Біз егемендік жылдары қиындықтар мен сын-қатерлерді бірге еңсердік. Таяуда Президентіміз Түркістан өңіріне жасаған сапарында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Облыстың рухани, мәдени тынысымен және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты. Қолға алынған жұмыстарды жоғары бағалады. Соның ішінде Түркістанның таза әрі көрікті қалаға айналғанын атап өтті. Бұл – бәріміздің ортақ жемісіміз. Өңір жұртшылығы туған жерге және қоршаған ортаға құрметпен қарауды парызы екенін ұғынды. Осы ретте, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының рөлі орасан екенін жеткізгім келеді. Түркі әлемінің астанасы, қасиетті Түркістан шаһары Президенттің бастамасымен енді жаңа статусқа ие болуда. Баршаңызды тағы да Республика күнімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, молшылық, бақ-береке тілеймін! Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын! – деді облыс басшысы Дархан Амангелдіұлы.
Салтанатты жиында облыстағы бірқатар адамдардың еңбегі еленді. Ұлық мерекеге орай облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді тұлғалар ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі, «Қазақсаттың еңбек сіңірген ұстазы» атағы сынды мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекет басшысы «еңбекқор адам», «кәсіби маман» бейнесіне баса мән беруде. Шынайы, адал еңбегімен қоғамға сыйлы болған үлгілі тұлғалар мемлекетіміздің құрметіне бөленіп, елдің мақтанышына айналып келеді.
Облыстың дамуында барлық салалар бойынша оң көрсеткіштер бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі 9 айда 3,7 трлн.теңгеге жетті. Біз негізгі басымдықты жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттап отырмыз. Сол мақсатта Сауран ауданында 100 гектар аумаққа «шағын өнеркәсіп парк» жобасын жүзеге асырдық. Бүгінгі таңда, паркте 10 өндірістік ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 ірі жоба іске қосылды. Биылғы 9 айда облысымызға 822 млрд.теңге инвестиция тартылды. Өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Ауыл шаруашылығында 747,3 млрд. теңгені құрайтын өнім өндіріліп, Түркістан облысы республикада көшбасшы орында. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етумақсатында 26 жоба іске қосылып, 194 жұмыс орны ашылды. Облыста ақ алтынның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды.
Әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. «Конгреесс холл» көпсалалы кешенінде өткен кешті Жандос Өсербаев мен Аяжан Ештаева тізгіндеді. Мерекелік жиында республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауының бірінші орын иегері маңғыстаулық Луиза Нұрқуатова, «Voice of Turan» Халықаралық ән байқауының Гран-при иегері Cюзанна Мелконян және ІІ орын иегері Самир Елчиев, қазақ эстрдасының жарық жұлдызы Ғазизхан Шекербеков, Айзада Асылхан, Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының әртістері, «Фараб» би ансамблі, саксофон, баян, виолончель аспабында орындаушылар, «Жаңа леп» ұжымының әншілері, «Самғау» би ансамблі мен «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________________
В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПРАЗДНИЧНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «ЖАСА, ЖАЙНА, ҚАЗАҚСТАН!»
В Туркестане в честь празднования Дня Республики прошло праздничное мероприятие «Жаса, жайна Казахстан!». На праздничном вечере была раскрыта суть национального праздника. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды поздравил всех с Днем Республики и отметил, что независимость – это наша главная ценность.
– От всей души поздравляю вас с Днем Республики. Для нашей страны этот праздник имеет особое историческое значение. Глава государства Касым-Жомарт Токаев на Первом курултае предложил вернуть День Республики статус национального праздника. 25 октября стал национальным праздником – Днем Республики. Сохранение стабильности, развитие Республики Казахстан – наша задача. В дальнейшем нам необходимо изменить курс и направить усилия на развитие промышленного потенциала области. Будем содействовать развитию нового Казахстана через наше незыблемое единство. Столица тюркского мира, священный город Туркестан по инициативе Президента приобретает новый статус. Еще раз поздравляю всех с Днем Республики! Пусть Туркестан преображается, а Казахстан – процветает! – Дархан Сатыбалды и вручил государственные награды группе граждан.
На торжественном собрании был отмечен труд ряда людей области. В частности, заслуженным гражданам, , внесшими вклад в социально-экономическое развитие Туркестанского региона были вручены ордена «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» III степени, медали и почетные грамоты «Ерен еңбегі үшін», «Ерлігі үшін», «Шапағат».
Как отметил аким области, в развитии области имеются положительные показатели во всех секторах. Объем валового регионального продукта за 9 месяцев достиг 3,7 трлн. тенге. Мы сосредоточены на создании новых рабочих мест. В этом направлении в районе Саурана реализуется проект «малый промышленный парк» на площади 100 гектаров. В настоящее время завершено строительство 10 производственных зданий, запущены 8 крупных проектов. За 9 месяцев текущего года в область привлечено 822 млрд. тенге инвестиций, что на 1,2 раза больше, чем в прошлом году. В сельском хозяйстве произведено продукции на сумму 747,3 млрд. тенге, что делает Туркестанскую область лидером в республике. Для обеспечения рынка отечественной продукцией запущено 26 проектов, создано 194 рабочих места. В области начато создание текстильного кластера, охватывающего выращивание элитных сортов хлопка и глубокую переработку сырья.
На праздничном вечере, прошедшем в современном концертном зале комплекса «Конгресс холл», артисты области и призеры конкурса «VOICE OF TURAN», а также известные в стране звезды эстрады исполнили патриотические песни, а танцоры покорили зрителей своими выступлениями.
Пресс-служба акима Туркестанской области