• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Съезд жаңалықтары

24.10.2024
in Құқық-заң
Съезд жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлімінде сот және құқық қорғау жүйесін терең реформалау азаматтардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігін арттырудың басты факторы екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты былтырғы Жолдауында да сот жүйесін реформалауға тоқталып, құқықтық мемлекеттің негізі әділ сот төрелігі екенін және судьялардың айыптаушы жаққа тәуелсіз болуы керектігін баса айтты. Бұл үшін адвокат пен прокурордың теңдігі қамтамасыз етілуі қажет екенін және қоғамның соттарға деген сенімін нығайту басты мақсат болуы тиіс екенін нақтылап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында сот жүйесін дамытуға байланысты нақты міндеттерді белгіледі. Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Осыған байланысты елімізде 21 жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары құрылып, облыстық және оған теңестірілген қалалық соттарда әкімшілік істер бойынша алқалар өз қызметін бастады.
Қазақстанда бұрын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша үш түрлі сот ісі қарастырылған болса, қазір жаңа төртінші түр – әкімшілік әділет жүйесі енгізілді. Бұл жүйе билік органдарымен дауларда әлсіз тарапты қорғауға бағытталған. Бүгінгі таңда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Мемлекет басшысының саясатының негізгі элементтерінің бірі болып отыр. Бұл – билік пен қоғам арасындағы серіктестіктің бір түрі, оның басты мақсаты мемлекеттің ашықтығын қамтамасыз ету. Бұл тек маңызды мәселелерді талқылау ғана емес, ел үшін маңызы бар шешімдер жабық емес, қоғамның қатысуымен қабылданатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында заң үстемдігі мен сапалы сот төрелігін заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ретінде атап өтті. Сот жүйесін реформалау барысында биліктің сот тармағын жетілдіру үшін түбегейлі жаңа тәсілдер мен жүйелерді енгізу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, судьялардың кәсібилігіне ерекше назар аударып, елдегі сот төрелігінің сапасын арттыру мәселесі қозғалды. Халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайту басты міндет ретінде белгіленді. Судьялардың жұмысы әрқашан қиын болған және болашақта да жеңіл болмайтыны анық. Дегенмен, еліміздің сот жүйесінің дамыған мемлекеттер деңгейіне жетуіне үлес қосу – үлкен мәртебе және мақтаныш.
Әкімшілік әділеттің негізгі мақсаты – бір жағынан азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға кепілдіктер беру, екінші жағынан – жоғары тұрған мемлекеттік органдарда немесе сотта жария-құқықтық дауларды қарау кезінде олардың құқықтарын тиімді қорғаудың механизмдерін орнату. Мемлекет басшысы сот билігінің де басқа билік тармақтары сияқты қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық даму және өзге де негізгі конституциялық қағидаттар үшін жауапты екенін атап өтті.
Әкімшілік әділетті құру «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында азаматтар мен заңды тұлғалардың билік өкілдерімен өзара қарым-қатынаста құқықтарын сот арқылы қорғауға кепілдіктерді барынша қамтамасыз ету және мемлекеттік аппараттың тәртібін күшейту мақсатында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезінде Мемлекет басшысы Әкімшілік соттардың жұмысына оң баға беріп, олардың халықтың сенімін арттыру мен сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, сот істерінің көпшілігі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілетінін, бұл үрдіс елдегі инвестициялық климатты жақсартып, экономикаға серпін беретінін айтты.
Елбасы өз сөзінде әділ соттың мемлекеттің мызғымас тірегі екенін, ал сот жүйесі беделді әрі бейтарап болуы керектігін ерекше атап өтті. Сот жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап кассациялық соттар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша өз жұмысын бастайды. Бұл соттардың құрамына тәжірибелі судьялар кіретін болады, ал кассациялық соттар азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін едәуір арттырады. Биылғы 2024 жылдың қазан айында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезінде судьялар қауымдастығына жаңа міндеттер жүктелді.
Съезд барысында сот жүйесін, соттың өзін-өзі басқаруын, сот ісін жүргізуді және сотты басқаруды жетілдіру бағытындағы сот реформасының болашақ бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, жаңа Судьялық әдеп кодексін қабылдау қажеттілігі көтерілді. Мемлекет басшысы айқындаған сот-құқықтық реформаның негізгі бағыттары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын әзірлеу басты мақсат ретінде қойылды.
Алдыңғы съездер сот жүйесін реформалауға және заңның үстемдігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Бұл реформалар сот процестерін қолжетімді, түсінікті және ыңғайлы етіп жасауға мүмкіндік берді.
А.КАПАРБЕКОВА,
Шымкент қаласының
мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған