• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 12 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Мопед жүргізетіндер мемлекеттік нөмір орнатуы керек

24.10.2024
in Басты ақпарат
Мопед жүргізетіндер мемлекеттік нөмір орнатуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мопед жүргізушілеріне жүргізуші куәлігін талап ететін заңға қол қойды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір көлік түрлерінің қозғалысын реттеу және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.
Мопед жүргізушілері енді міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтіп, жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Оларға 3 қазаннан бастап алты ай уақыт беріледі. Бұл мерзімнен кейін талаптарды орындамаған жағдайда, мопедтері айыптұраққа қойылады. Сонымен қатар, мопедтер тіркеліп, иелері міндетті түрде «А» санатындағы жүргізуші куәлігін алуы қажет.
Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес, алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланған, бірақ жүргізуші куәлігі жоқ адамдар жеті-сегіз жыл бойы емтихан тапсыра алмайды. Заңда сондай-ақ «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді, оны сертификатталған автоматты құрылғылар анықтайды. Билік бұл өзгеріс жылдамдықты шектен асырудың салдарынан болатын жол апаттарын азайтуға ықпал етеді деп сенеді.
Мопед, электрсамокат және велосипед жүргізушілердің:
1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;
2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауына;
3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына;
4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;
5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне;
6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне;
7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына;
8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына тыйым салынады.
Президент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске» де осы бағыттағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді мақұлдады. Бұл өзгерістер көлік құралдарының қозғалысын реттеуді жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.
Әл-Фараби ауданы прокуратурасы.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

СОХРАНЕНИЕ И ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ МИРОВОМУ СООБЩЕСТУ

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

12.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған