• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 12 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СУДЬЯЛАР СЬЕЗІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

21.10.2024
in Басты ақпарат
СУДЬЯЛАР СЬЕЗІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің сот жүйесі елеулі өзгерістерді бастан өткерді. Бұрынғы және қазіргі сот билігін салыстыру мүмкін емес. Мұндай ауқымды реформалардың жүзеге асуына мемлекеттің тұрақты қолдауы мен әр төрт жыл сайын өтетін судьялар съезінің ықпалы зор болды. Республика судьяларының І съезінен бері 28 жыл өтті, бұл уақыт аралығында сот жүйесі айтарлықтай маңызды өзгерістерді бастан кешірді. Осы жылдар сот жүйесін реформалау, әділ сотты қалыптастыру және оның негізін дайындау бағытында батыл қадамдар жасалған кезең болды.
Ел Президенті сот билігінің беделін арттырып, оның жұмысын жандандыруға бағытталған ұсыныстардың жоғары мінберден айтылып, нақты шаралардың жүзеге асуына ықпал етті.
Бүгінге дейін өткізілген 8 съездің де сот саласы үшін маңызы ерекше. Бұл жиындарда көтерілген мәселелер тек талқыланып қана қоймай, нақты іске асырылып, сот жүйесінің дамуына серпін бергені қуантады. Судьялар съезі сот саласының дамуында айрықша рөл атқарады. Әр төрт жыл сайын саладағы олқылықтарды талқылап, алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындап беретін бұл жиын биыл дәстүрлі түрде тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Ең алғаш 1996 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қаласында өткен Қазақстан судьяларының І съезінде ел тарихында тұңғыш рет судьялар қауымдастығы құрылып, оның жарғысы мен міндеттері белгіленген болатын. Содан бері сот жүйесінің ең өзекті мәселелері осы маңызды форумда талқыланып келеді.
Мысалы, съездерде көтерілген және кейіннен шешімін тапқан бастамаларға назар аударатын болсақ, сот сатыларының дербестігі күшейіп, істерді қарау жеделдігі мен сапасы жақсарды. Сот шешімдерін орындаудың баламалы тәсілдері, жеке сот орындаушыларының институты енгізілді. Қазіргі таңда алқабилер соты жұмыс істеуде, ал мамандандырылған соттар жүйесі одан әрі дамып жатыр. Соңғы жылдары мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттар қатарына қылмыстық істер жөніндегі және кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар қосылды. Болашақта дамыған елдердегідей салық соттарын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, дауларды шешудің баламалы әдістері де жетілдірілді. Тергеу әрекеттеріне сот бақылауы орнап, тұтқындау және қамауда ұстауға санкцияны беру соттардың құзыретіне өтті. Тергеу судьясы институты енгізіліп, оның өкілеттіктері кеңейтілуде.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

Съезд барысында Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев бизнес пен халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен қабылданатын шешімдердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған негізгі міндеттерді айқындап өтті. Осы басым бағыттардың бірі ретінде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сотты құру жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы атап өткендей: «Кассациялық соттардың тәуелсіздігі азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін айтарлықтай кеңейтіп, инвестиция мен бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартады. Кассациялық соттардың құрамы ең тәжірибелі судьялардан жасақталуы керек».
Съезд барысында сондай-ақ, судьялардың кәсібилігі мен тәжірибесін объективті бағалауға мүмкіндік беретін біліктілік сыныптарын енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз ету және сот жүйесінің ашықтығын арттыру үшін соттарды одан әрі цифрландыру және жасанды интеллект элементтерін енгізу тапсырылды.
Кез келген адам кез келген жерде сот отырысына қатысуға мүмкіндік алуы саланың дер кезінде цифрланып бейімделгенінің арқасы деуге болады. Автоматтандырылған электрондық құжат айналымы, соттардың интернет кеңістігінде болуы, сот процестерін бейнеконференция байланысы желісінде өткізу, процеске қатысушылардың сотқа келмей-ақ, интернет арқылы сотта өзінің құжаттарының жылжуымен танысуға мүмкіндік беретін ақпараттық сервистерді пайдалануы сот жүйесінің бүгінгі күнгі өмір шындығына айналып отыр.
Қазіргі кезде соттарда барлық іс жүргізу электронды жүйе арқылы жүзеге асырылуда. Компьютерлік жаңа технологияларды игеру сот қызметкелерінің білім-біліктілігі мен дағдысын жаңғыртып, уақыт көшінің алғы сапына жетеледі. Яғни, әр съезде көтерілген мәселелер осы аралықта жүзеге асып келеді. Сондықтан да судьялар жиынының маңызы зор екенін қадап айтқым келеді.
Нұрдаулет РАХЫНБАЕВ,
Шымкент қаласы
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

СОХРАНЕНИЕ И ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ МИРОВОМУ СООБЩЕСТУ

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

12.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған