• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

15.10.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында қар басу қаупі жоғары 22 аумақ бар. Оның 6-ы республикалық маңызы бар жолдар болса, 16-ы облыстық маңызы бар жолдар. Аталған аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қолға алынған шаралар жөнінде өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

— Қазіргі таңда 2024-2025 жылдарға арнғалған қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары және облыстық жедел штабтың құрамы бекітілді. Бүгінде департаменттің төтенше жағдайларды жоюға арналған техникалары дайындыққа келтірілді. Қар құрсауында қалып, қиындыққа ұшырған азаматтарға көмектесуге 191 жеке құрам мен 25 техника қарастырылған. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдарда 9 шақырым жолға қар ұстағыш қалқандар орнатылған. Сондай-ақ, қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 11 жылыту пункттері есепке алынған,- деді Талғат Серікұлы.

Сондай-ақ, спикер облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеттері орналасқанын жеткізді. Аталған 4 жылыту бекеттерін 70 тонна көмір отынымен қамтамасыз ету жоспарлануда және тәулік бойына жылы күйде ұстайтын кезекші ұйымдастырылған. Жылыту бекеттерінің бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар, яғни төсек орынмен қамтамасыз етілген.

Таулы аудандарды аэровизуалды зерттеу нәтижесінде 50-ден астам биік таулы көл анықталған. Бұл жайында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің филиалы Оңтүстік аумақтық пайдалану техникалық басқармасының басшысы Ербол Әлзақов мәлімдеді.

— 2024 жылға арналған тексерулерді жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес, сел-сырғыма қауіпті аймақтары мен селден қорғау құрылыстарына тексерулер жүргізілді. Шараға Түркістан облысы және Шымкент қаласы әкімдіктері мен ТЖД мамандары тартылды. Барлығы 1 095 зерттеу жасалған. Түркістан облысының ТЖД-мен бірлесіп 5 аэровизуалды тексеру жүргізілді. Сырғыма қаупінің динамикасын бақылау мақсатында қауіпті аймақтарға маркерлер қойып, өлшеу жұмыстары жүрді. Қазіргі таңда сел-сырғыма жағдайы тұрақты, — деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

СОХРАНЕНИЕ И ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ МИРОВОМУ СООБЩЕСТУ

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

12.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған