• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

15.10.2024
in Құқық-заң
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, мектеп қабырғасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеуді басты борышы деп санайды.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Осы уақытқа дейін мамандар сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу, оны жедел іздестіру шарасымен айналысса, бүгінгі таңда біздердің де басты міндетіміз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, оның алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар іске асуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдары енгізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылау арқылы негізсіз байыту үшін жауапкершілік енгізіледі.

Шенеуніктің шығыстары оның кірістеріне сәйкес келмегені үшін декларацияларды салыстыру қорытындылары бойынша фискалдық және мансаптық санкциялар қолданылатын болады. Әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшіге шығыстардың заңдылығын растауға мүмкіндік беріледі. Егер ол мұны істей алмаса, алшақтық сомасының 90% айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік туындайды. Айтарлықтай сәйкессіздік, атап айтқанда шенеуніктің жылдық табысынан асып кетсе, айыппұлдан басқа, ол теріс себептермен жұмыстан шығарылуы керек. Негізсіз байыту фактілерін анықтау камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген.

Нормалар мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген адамдарға және олардың жұбайларына қолданылатын болады. Новелланы енгізу мерзімі халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық қамтуды ескере отырып, 2027 жылға белгіленген.

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде табандылық танытқан жөн.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұдан да биік дәрежеге жететіні анық.
Бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоя алмады, бұл жағымсыз құбылыспен күреспеу, оны қолдаумен бірдей. Бұл әр түрлі формада көрінеді: парақорлық, жымқыру, алаяқтық және т.б.

Сот әділдігінің жүзеге асуына қатысты халықтың көкейтесті мәселелерінің шешімін табу мақсатында БАҚ өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылып келеді. Сот істері бойынша тараптар мен сот жүйесі қызметкерлерінің іс жүргізу уақытынан тыс кезеңде кездесуін болдырмау мақсатында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін барлық адамдардың көмегі қажет. Оның дамуына пара алушыларғана емес, пара берушілер де әсер етеді. Көптеген адамдар ақша ұсыну арқылы өз істерін тез шешуді жөн деп санайды.
Лауазымды тұлға сізден пара талап еткен жағдайда бұл туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі – осы оның алдын алу.

М.ӘШІРБЕК,

Шымкент қаласы

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған