• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Азаматтық қорғаныс бойынша жиын өтті

10.10.2024
in Басты ақпарат
Азаматтық қорғаныс бойынша жиын өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылауға қатысты жиын өтті. Басқосуға Палата директорының орынбасары Майя Исаева мен бөлім бастығы Әзілхан Жаримбетов, Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев, ҚР Бас прокуратурасы ҚСжАЕАЖК Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім бастығы Айқын Сейдаханов, бөлім аға прокуроры Марат Бейбіт, қаладағы әлеуметтік-экономикалық, өндiрiстік, маңызды мемлекеттiк, экономикалық маңызды нысандардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025

Жиында құтқарушылар азаматтық қорғаныстың маңыздығы туралы баяндап өтті.

«Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау жұмыстары ҚР Бас прокуратурасының сайтында көрсетілген жарты жылдық кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Қала аумағындағы осы санаттағы нысандар тізімін төтенше жағдай департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп анықтайды, оны қала әкімі бекітеді. Бұл туралы қала әкімінің өкімі сіздердің электронды пошталарыңызға жіберіліп, таныстырылды. Осы тізімде көрсетілген субъектілер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес есеп береді. Бұл бойынша төтенше жағдайлар департаменті тарапынан алдағы уақытта хат жіберіледі. Сол есепті ұсынбаған субъектілерге бару арқылы азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар есепке талдау жүргізіліп, есебі толық емес нысандар бақылау жоспарына енгізіледі», – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Әуесхан Серік.

Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев азаматтық қорғаныс саласындағы тізімге жататын нысандар дайындығының маңызы туралы айтып өтті. Маманның айтуынша, жаман айтпай жақсы жоқ, қазіргідей жаһандық қатер деңгейі жоғарылап тұрған заманда қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс саласындағы дайындықты пысықтау өзекті болып тұр.

«Қазіргі таңда Шымкентте азаматтық қорғаныс бағытындағы профилактикалық бақылауға жататын нысандар саны 133-ке жетті. Бұл бақылаулар Мемлекет басшысы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі, ҚР Төтенше жағдай министрі тарапынан әр маңызды нысан, әр сынақталған ұйым қала тұрғындары бейбіт және соғыс уақытында дұрыс қызмет көрсетсін деген мақсатта жүргізіледі. Дегенмен, біздің көздегеніміз – тексеру нәтижесінде айыппұл салу емес, қандай алдын алу жұмыстары жүргізілуі керек, бұл бағытта неге сүйеніп, нені атқару керек деген ұсыныстар беру. Біз бұл бағыттағы жұмыстарға әрдайым ашықпыз», – деді Нұржан Қаракөзев.

Жиын барысында прокуратура өкілдері субъектілерді тексеру актілерінің құзырлы органдарда тіркелу заңдылығын қалай тексеру, тексеру барысындағы процедуралық тәртіптердің сақталуы туралы толық түсіндіріп өтті. Қатысушылар қосымша сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

УБОРКУ ЗЕРНОВЫХ ЗАВЕРШИЛИ АГРАРИИ ШЫМКЕНТА

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

СОХРАНЕНИЕ И ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ МИРОВОМУ СООБЩЕСТУ

12.09.2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

12.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған