• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«JAIDARMAN» САЙЫСЫ МЕН КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

02.10.2024
in Басты ақпарат
«JAIDARMAN» САЙЫСЫ МЕН КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында жас ұрпақ тәрбиесіне арнайы тоқталып «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деп жастар тәрбиесімен мемлекет пен жастар ұйымдары ғана емес ел болып айналысу қажеттіін атап айтты.
Түркістан облысында жас ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануын, өнер мен спортқа құштарлығын ояту, жаман әдеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, сахна мәдениетін қалыптастыру, жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Түлкібас ауданы әкімінің кубогіне арналған «JAIDARMAN» сайысы өтті.
Қызықты да тартысты өткен сайыс көрермендерге әдемі әсер, қайталанбас эмоциялар мен керемет көңіл-күй сыйлады. Бүгінде жайдарман ойыны талантты жастардың басын бір арнаға тоғыстырған жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді қағытпа қалжың мен астарлы әзіл аққылы жеткізе білетін өнер.
Жастар үшін мол мүмкіндіктер алаңына айналған «JAIDARMAN» сайысына «Нысана» театрының актрисасы Бекахметова Айсұлу, жайдарман жанашыры Нұркен Нұржанұлы, Руханият орталыңының басшысы Елеуов Қанат, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің басшысы Серік Данияр Батырханұлы және жастар ресурстық орталығының нұсқаушы маманы Саттарқызы Аружан қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен
І орынды «Ақбиік жігіттері» командасы (100.000 теңге)
ІI орынды «Қыздарский элита» командасы (70.000 теңге)
III орынды «Абай арулары» командасы (60.000 теңге)
«JAIDARMAN» сайысында жоғары деңгейде өнер көрсеткен барлық командаларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Ал, Төлеби ауданының орталық «Нұр» мешіті мен Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және “Ихсан” қайырымдылық ұйымының ұйымдастыруымен кезекті аудан жастары арасында кіші футболдан
қайырымдылық турнирі болып өтті.
Турнир ережесіне сәйкес жеңімпаздарға берілетін ақшалай сыйақылардың барлығы қайырымдылық бағытқа жұмсалынады. Жиын барысында сөз алған ауданның бас имамы Усен Саурбаев пен аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Беглан Мақұлбек барша жарысқа қатысушы жандардың жомарттығына тәнті екенін тілге тиек етіп, жарыста барша командаға сәттілік тіледі.
Бұл сайыстың негізгі мақсаты – жастар арасындағы достықты нығайту,
салауатты өмір салтын сақтау, жастарды қоғам өміріне белсене араластыру және ең бастысы, қайырымдылық жасауға шақыру.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы қатысқан 10 команданың ішінде:
Үлкен кубок – «S8 group» командасы;
Кіші кубок – «Zertas united » командасы;
3-орын «NS Show» командасы иеленсе, “Ақбұлақ” командасы 4-орынға табан тіреді.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

13.09.2025
В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

13.09.2025
АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

13.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған