• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕЛЕСТЕ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНІП, КЕЙУАНА ҚҰРМЕТТЕЛДІ

02.10.2024
in Басты ақпарат
КЕЛЕСТЕ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНІП, КЕЙУАНА ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Түркістан облысының барлық өңірлері сияқты бірнеше күннен бері қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар Келес өңірінде де жүзеге асырылды. Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы қатысып, өңірдегі барша қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтады.
– Бүгін, бізде ерекше мейрам, барша баланың ең сүйікті де, ең жақсы көретін мейрімді аталарымыз бен әжелеріміздің мерейлі мерекесі. Қарттар күнін осыдан 34 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, кейін бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Аталған мерекеде ауданымыз да қалыс қалмай еліміздің дамуына үлес қосқан қарияларымызды, жалғызілікті қарттарымызды мерекемен құттықтауды жөн санадық. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыз аман болсын, мереке құтты болсын, — деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.
Келес ауданындағы мерекелік шара алдымен аудан орталығындағы «Қазыналы қария – тең қоғам» атты әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бастау алып, онда аудан басшысы абыз ақсақалдарға құрмет көрсетіп, ақ жаулықты аналардың иығына ақ жаулық жапты. Салтанатты шара Абай ауылындағы «НұрҚожа» салтанат сарайында жалғасын тауып, аудандағы ардагерлерге ас берілді. Мерекелік шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған қойылымдар қойылып, концерттік бағдарламаға ұласты.
Келес ауданында 11 мыңнан аса ардагерлер, 100 жастан асқан үш ардагер ана тұрады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімде есепте тұрған 109 жалғызілікті қарттарға әлеуметтік көмектер көрсетіліп, оларға арнайы мамандар қызмет етуде. 2024 жылы қарттар сауықтыру орындарында ем алу үшін облыстық қаражаттан 460 жолдама, аудандық қаражатынан бөлінген 224 жолдама қарастырылып, зейнеткерлер емдік сауықтыру орындарына жіберілді. Алдағы уақытта сауықтыру орындарына жолдамалар санын көбейту жоспарға қойылған.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірдегі ақ жаулықты аналардың шаңырағына барып, қарттар күнімен құттықтады. Абай ауылының тұрғыны Кәзима Досмайлованың шаңырағында болған аудан басшысы кейуанамен тілдесіп, ақ батасын алды.
– Қарты бар үйдің — қазынасы бар, қарттарға құрмет — жас ұрпаққа асыл міндет дейді, — халқымыз. Қарт ата апаларымыз отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине сіздерсіздер. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлесіңізді қосып, саналы ғұмырыңызды Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан өздеріңіз аман болыңыздар. Мереке құтты болсын, — деген аудан әкімі Жәнібек Есенұлы 84 жасты қарсылаған кейуананың иығына ақ орамал жауып, гүл шоқтарын табыстады.
Кәзима Досмайлова 1940 жылы 30-наурызда Түлкібас ауданының Жаңаталап ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі колхозда есепші, ал анасы үй шаруасында болған. Мектепті 1958 жылы аяқтап, Шымкент қаласындағы Педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, аталған институтты 1962 жылы бітірді. 1962 жылы бір группада білім алған Сапарбаев Бәкірбай атты жігітке тұрмысқа шығып, жолдасымен Келес ауданындағы «Ленин жолы» орта мектебіне өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Еткен ерен еңбегі үшін 1972 жылы «Оқу ісінің үздігі» деген значокпен марапатталды.
1990 жыл 50 жасында бала санымен зейнеткерлікке шықты. Кейіннен 1990 жылдан бастап 1997 жылға дейін ұстаздық қызметін жалғастырды. 1997 жылы еңбек өтілі аяқталып, зейнеткерлікке шықты. 35 жыл ұстаздық еткен Кәзима Досмайлова «Еңбек ардагері» медалімен, аудандық және облыстық грамоталарымен марапатталған. Жолдасымен бірге бір ұл және төрт қызды тәрбиелеп өсіріп, сол ұл-қыздардан бүгінде 15 немере және 22 шөбере сүйіп отыр.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

13.09.2025
В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

13.09.2025
АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

13.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған