• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАРИЯЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

02.10.2024
in Басты ақпарат
ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАРИЯЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Бүгінгі ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелер ұзақ жылдар бойы туған жердің өркендеуіне маңдай терлерін төгіп, еңбегімен үлес қосқан азаматтар. Жастықтың жалынды кезеңінен бастап, зейнеткерлікке шыққанша әртүрлі мамандық иелері болып, еселі еңбек етіп, белсенді өмір сүрді. Сол қарияларымыздың көпшілігі зейнеткерлікке шыққан соң да ел өмірінен, қоғамдағы оқиғалардан сырттап қалмай өмірде көрген-түйгені, жиған тәжірибесін жас ұрпақ бойына сіңіріп белсенділік танытып келеді. Сондықтан да төл мерекелерінде облыс аумағында ардагерлер ардақталып, құрмет көрсетілуде.
Арыс қалалық мәдениет үйінде 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара өтті. Шараға қалалық Ардагерлер кеңесі мүшелері мен әр салада еңбек еткен ардагерлері арнайы шақырылып, ерекше құрмет көрсетілді.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ардақты ардагерлерді айтулы күнмен құттықтап, жалпықалалық мәдени шараларға белсенді қатысып, саламатты өмір салтын ұстанған және қаламыздың дамуына зор үлес қосқан ата-әжелерді медальмен және Алғыс хатпен марапаттады. Шаһар басшысы құттықтау сөзінде ардагерлердің ел мен жердің дамуына қосқан үлесі орасан екенін атап өтіп, олардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі келешек ұрпаққа үлгі екенін айтты.
Шарада Мәдениет үйінің өнерпаздары ардагерлердің құрметіне ән мен биден, сахналық қойылымдардан тұратын әсерлі концерттік бағдарлама дайындап, мерекені шынайы қуанышқа бөледі. Шара барысында ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар 300-ге жуық ардагерге мерекелік сыйлықтар табысталып, олардың өмірлік еңбектері мен қоғамдағы орны тағы бір мәрте құрметтелді.
Мерекелік шара ардагерлерге деген құрмет пен ізеттіліктің айқын көрінісі болып, ерекше көңіл күймен аяқталды.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесін шардаралықтар жоғары дәрежеде тойлай білді. Шардара аудандық «Абай» мәдениет үйінде «Қариялар – асыл қазынамыз» тақырыбында өткізілген мерекелік іс-шараға қала мен ауылдық округтерден тыл және еңбек ардагерлері, зейнеткер ата-әжелер мен тұрғындар жиналды. Салтанатты шараға жиналған ардагерлер қауымының алдында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйледі.
– Қымбатты ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Елімізде ардагерлердің жақсы өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Жыл сайын зейнетақының өсуі, көпбалалы аналардың жәрдемақысының артуы, сондай-ақ, соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалып жатқан жеңілдіктер – аға буын өкілдеріне арналған қамқорлық. Қариясын құрметтеген елдің қашан да болашағы жарқын, мерейі үстем болары анық. Әрқашан да арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, елді бірлікке, ынтымаққа шақырып, үлгі-өнеге көрсете береді деп сенемін! Сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, берекелі де ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді.
Мерекелік шара барысында ауданның өсіп-өркендеуі жолында еселі еңбек еткен 100 ардагер қартқа аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлық тарту етілді. Ардагерлерге деген ақ тілекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков айтып өтіп, бірнеше қарияны марапаттады. Шардаралық ардагерлердің тойына ауданның талантты әншілері өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.
Айта кетейік, аудан көлемінде 7 мыңнан астам зейнеткер ғұмыр кешеді. Ардагерлер қауымы қала мен ауылдарда 30 бастауыш ардагерлер ұйымына топтасып, ауызбіршілікпен жұмыс істеп келеді. Ауданда ардагерлердің игілігі үшін атқарылып жатқан дүниелер жетерлік. Соның бірі аудан әкімінің бастамасымен тамыз айында 30 зейнеткер Астана қаласына тегін саяхат жасаған болатын.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

13.09.2025
В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

13.09.2025
АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

13.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған