• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

01.10.2024
in Басты ақпарат
ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

Түркістан облысында бұқаралық спорт пен денешынықтыруды дамытумен қатар әуесқой спорт түрлерін дамытуға да көп көңіл бөлініп келеді. Соның арқасында түркістандық спортшылар спорттың көптеген түрлерінен облыстық, республикалық, азиялық, халықаралық жарыстарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінуде.
Түркістан қаласындағы жаңадан салынған ескек есу каналында триатлоннан элиталық және жастар арасында Азия кубогы мен ел кубогы сарапқа салынды. Тартысты өткен сайысқа Сингапур, Иран, Белоруссия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстаннан барлығы 36 спортшы қатысып, бас жүлдеге таласты. Екі сынақ бойынша өткен жарыста жастар және элиталық болып бақ сынасты.
Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, марапаттады. Жарысты Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жоғары дәрежеде ұйымдастырды.
Сайыс қорытындысында элиталық жарыс бойынша ерлер арасында Белоруссия үміті Микита Катсиянеу қара үзіп, дара шығып, бас жүлдені иеленді. Ал Қазақстанның намысын қорғаған Темірлан Теміров 2-ші орында болса, өзбекстандық Жереми Хуиндос үштікті қорытындылады. Сондай-ақ элиталық әйелдер арасында өзбекстандық Алина Хакимова 1-ші орынды иеленсе, 2-ші орыннан Германия елінің өкілі Софие Гиевманн көрінді. Ал сингапурлық Лоуиса Мария Миддледич 3-ші болып келді.
Жастар арасында үш орынды да отандастарымыз иеленді. 1-ші орын Али Жанат, 2-ші орын Қуаныш Бекенов, 3-ші орын Никита Дубинскаяда. Сол сияқты қыздар арасында да үш орынды да қазақстандық арулар еншіледі. Атап айтсақ, 1-ші орын Диана Ержанова, 2-ші орын Анель Исабаева, 3-ші орын Юлиана Петроваға бұйырды.
Қыркүйек айының 21-28 күндері аралығында Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында Пауэрлифтинг спортынан Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада “Күш спорт клубының” спортшылары жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанып, еліміздің әнұранын шырқатты.
Атап айтар болсақ, 59 келі салмақ дәрежесінде Тұрғанбай Қазыбек чемпион атанса, 66 келі салмақ дәрежесінде Бақытұлы Мыңтемір чемпион атанды.
Аталған спортшыларымыз жеңіске жетіп, спорт шебері атағына ие болды.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды және олардың бапкері Жұмадулла Нұрмұхаммедті жеңіспен құттықтай отыра, алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындырып, көк байрағымызды әрқашан көкте желбірете беруіне тілейміз.
Сонымен бірге, 2024 жылдың қыркүйек айының 27-29 күндері аралығында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында волейболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Волейболға облыстың аудан, қалаларынан 2008-2009, 2010-2011,
2012-2013 жылғы жасөспірім спортшы ұлдардан құралған командалар қатысты.
Тартысты өткен жарыста Түлкібас ауданының жас спортшылары жүлделі І-ші орынды иеленді.

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті

13.09.2025
Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

13.09.2025
Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

13.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған