Мемлекет басшысы айтқандай жас ұрпақ тәрбиесі ата-ана мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның басты міндеттерінің бірі. Сондықтан да бала тәрбиесі мен білім алуы, жасөспірімдердің қоғамдағы түрлі теріс бағыттар мен жаман әдеттерге үйір болмауы, еліміздің лайықты болашағы болып өсулерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Түркістан облысының қала, аудандарында жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Уақытты ұйымдастыру және өзін-өзі басқару» тақырыбында жаңа форматтағы жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын қонақтары мен ата-аналарды мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы күтіп алып, жаңа оқу жылындағы жаңалықтарымен бөлісті.
Қонақтарды үйірме жұмыстарымен, қазақтың ұлттық ойындары асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат және робототехника заманауи үлгіде жабдықталған STEM кабинетімен таныстырды.
Қазіргі таңда заманауи яғни 3D принтерімен PLA пластик әр түрлі заттардың жасалуын және оқушыларымен LEGO жинағынан бірнеше роботтар құрастырылып бағдарламасы жасалған. «Жас информатик» оқушылар «Arduiho» — мен танысып, алғашқы «Светафор» жобасын жасап көрді. Жиналыс барысында келген ата-аналармен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру, бала тәрбиесіндегі тәжірибемен бөлісу, ата-аналарға позитивті көңіл-күй сыйлау мақсатында психолог Гүлмира Серікбаева тренинг сабақтарын өткізді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру, уақытты басқару және өзін-өзі басқару, әр отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, оқушылардың жалпы қауіпсіздік ережелері, мектептің ішкі тәртібі мен ережелері және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Біржан Байысбаев баяндама жасап, ата-аналардың бала алдындағы міндеттері, жалпы оқушылардың қауіпсіздігін сақтау туралы айтты.
Сонымен бірге, Отырар АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ полиция аға лейтенанты Бақытжан Қапалбайұлы, қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы белең алып жатқан вейптердің, электроскутерлер, лудомания, құқықбұзушылықтардың алдын алу жөнінде ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.