• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 14 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА 19 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

01.10.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА 19 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Қолөнер барлық ұлттардың ұлттық құндылықтарына жататын, көне ғасыпрлардан бері тұрмыстық, мәдени рухани бұйымдар жасайтын қолданбалы өнер түрлерінің біріне жатады. Сондықтан да бұл өнер түрі еліміз егемендік жариялағалы бері қайта жаңғыртылып, бүгінде оны дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан қолөнершілерге үлкен қолдау жасалуда.
Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президенті Саад әл-Қаддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты.
Келелі басқосуға 19 елдің 30-ға жуық қолөнершілері қатысты. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен ұйымдастырылған жиынның мақсаты – киелі шаһарға Халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беру.
Бүгінде Түркістанда құрамында 115 мүшесі бар «Turkistan Qol oner одағы» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Қолөнершілерді қолдау мақсатында облыс орталығында «Қолөнершілер қалашығы» туристік кешені салынуда. Аталған орталықта арнайы көрме залы, шоурум бөлмелері саялы бақ, шығыс базары, мейрамханалар, қонақ үй, автотұрағы бар алып орталыққа айналады деп күтілуде. Кешеннің жалпы алаңы – 2,56 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Келген қонақтар аралауды Оқушылар сарайынан бастап, жас қолөнершілерінің жұмысымен танысты. Бабалар мұрасын жалғастыру мақсатында Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінде 475 оқушы шеберлік сырын меңгеріп, өнерлерін шыңдауда. «Шебер және шәкірт» бағдарламасы аясында жас шеберлердің қолөнер саласындағы дағдыларын дамытуға тәжірбиелі қолөнер шеберлері өз үлестерін қосып келеді. ​
Шеберлер сондай-ақ, Қ.А Ясауи кесенесінде болып, тарихи жәдігерді аралады. Кесене құрылысының тарихына үңіліп, сәулетін тамашалады. «Turkistan Qol oner одағы» қоғамдық бірлестігінің шеберлері этно-ауыл кешенінде қолөнер туындыларының көрмесін ұсынды.
Қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов қонақтарға Түркістанның туристік әлеуеті мен мүмкіндіктерін баяндап, көрсеткіштерімен таныстырды.
2023 жылы қолөнер саласындағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті қолөнершілердің тәжірибелерімен алмасу мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бірлестік мүшелерінен құралған деллегация Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласы мен Ферғана облысына барды. Сонымен қатар, қала қолөнершілері Әзербайжан Республикасының Шуша қаласында Халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға қатысып, «Хары-бюльбюль» халықаралық фольклорлық фестивалінде көпшілікке қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер шеберлерінің ең үздік бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұсынылды. Нәтижесінде қазақстандық делегация жоғары баға алып, түркі халқының ыстық ықыласына бөленіп келді.
Бұл іс-шараларға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, өзге де түркітілдес мемлекеттердің өкілдері қатысты.
2024 жыл — Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылы. Осыған орай, Бейжің қаласында ауқымды іс-шаралар мен форумдар өтті. Оған Қолөнер одағының төрайымы мен шеберлер арнайы қатысты. Халықаралық көрмеге Қолөнер одағының шеберлері мен шәкірттерінің қолөнерлері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, қызығушылығын арттырды.
Әлемнің халқаралық қолөнер қалалары ұйымының (WCC International) президенті Саад әл-Қаддуми түркістандық қолөнершілердің жұмысына таңданысын жасырмады. Саад мырза ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Түркістанның өзіне тән ерекшелігі, қолөнершілердің қалыптасқан қолтаңбасы барын атап өтті.
Қала қонақтары рухани-мәдени орталықтағы туристік нысандарды аралап, өзгерістерге тәнті болды.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

14.10.2025
Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

14.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған