• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АССАМБЛЕЯ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.09.2024
in Басты ақпарат
АССАМБЛЕЯ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасында тұрып жатқан азаматтардың ішінде мемлекетті құраушы Қазақ ұлтынан басқа әртүрлі тағдырлық жағдайлармен келген жүзден астам ұлттың өкілдері де бар. Олардың көпшілігі патшалық, кеңестік кезеңдерде Қазақ даласына жауланған аймаққа қоныстандыру, жер аударылып, қуғын-сүргіннен қашып, тың жерлерді игеру, индустрияландыру деген сияқты саяси науқандардың арқасында көшіп келгендер мен солардың ұрпақтары. Қазақстан егемендігін жариялаған соң олардың бірнеше миллионы өздерінің тарихи отандарына қайта көшіп кетті. Қалғандары Қазақстанда тұрып жатыр. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты сол түрлі этнос өкілдерін зорлық-зомбылықсыз қазақстандық қоғамға кіріктіріп, Қазақстанды отанындай құрметтейтін, осы мемлекеттің патриоттары қатарына қосып қазақ халқымен бірге Жаңа Қазақстанды құруға үлестерін қосуға ынталандыру болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып жұмыс жасауда. Оның басты міндеті –елде ұлтаралық татулықты, этностардың қазақ халқының айналысына топтасып, бірлік пен ынтымақта мықты да дамыған Қазақстан мемлекетін құруға жұмылдыру болып табылады. Бұл істе ақсақалдардың атқарар рөлі де үлкен.
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті.
Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан Халқы Ассамблеясы шеңберінде ақсақалдар кеңесін құруды тапсырған еді. Бұл орайда, елімізде 1200-ден астам Ақсақалдар кеңесі құрылып, ел ынтымағын арттыру жолында жұмыс істеп жатыр. Олардың құрамына танымал тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени, ардагерлер бірлестіктері мен басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілі кірді. Жалпы, әртүрлі деңгейдегі кеңес құрамында 7 мыңнан аса азамат бар.
Келелі кеңесте сөз алған ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстанның әр өңірінен келген абыз ақсақалдардың жаңа «Достық үйіндегі» отырысы жақсылықтың нышаны екенін айта келе, бұл нысан барша түркістандықтардың бас қосатын берекелі ғимаратына айналатына сенім білдірді.
– Қазақ қоғамында ақсақалдар – даналық пен әділдіктің символы. Олар бейбітшілік пен бірлікті сақтай отырып, ел арасындағы мәселелерді шешуде әділ төрелігін айтқан. Бүгін де сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз жастарға дұрыс жол сілтеп, ұлттық құндылықтарды, әділеттілікті санасына сіңіруге септігін тигізе алады. Бұл орайда, аса маңызды міндетіміз – адал азаматтарды тәрбиелеу. Президент айтқандай, «Адал азамат» – бұл ең үздік қасиеттерге ие, адал еңбек етіп, табысқа жетіп, адалдық пен әділеттілікті бәрінен жоғары қоятын тұлға». Ақсақалдар кеңесінің қызметі аясында әрбір азаматтың санасына осы құндылықтарды тыңғылықты жеткізу біздің ең басты міндетіміз. Сонымен қатар қоғамдағы бес әлеуметтік кеселмен жалпыұлттық күреске жұмылу, Президент жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясында, әр өңірде елге сыйлы еңбек адамдарын дәріптей отырып жастарға кәсіби бағдар беріп, еңбексүйгіштікке баулу маңызды, – деді Марат Алмасұлы.
Ғалым Шойкин өз сөзінде ақсақалдардың этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлінің маңыздылығына тоқталып, олардың қатысуы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Басқосуда еліміздің әр аймағынан келген ақсақалдар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел бірлігін нығайту жолында халықпен, мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесулердің маңызы жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы, өңірлік Ақсақалдар кеңесінің өкілдері отырысқа оң баға беріп, мұндай шараларды алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

14.10.2025
Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

14.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған