• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 8 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

БІТІМГЕ КЕЛУ – ҰТЫМДЫ ШЕШІМ

25.09.2024
in Құқық-заң
БІТІМГЕ КЕЛУ – ҰТЫМДЫ ШЕШІМ

Бүгінгі күні сотта қаралатын дау-дамайлардың саны күн санап өсіп келе жатқаны белгілі. Нақтылай келгенде, даулардың басым көпшілігі ақылға қонымды екі ауыз сөзбен келісімге келетін мәселелерден тұрады екен. Ал енді осы болмашы даумен сотқа жүгіну тиімсіз, ұзақ әрі айтарлықтай шығынмен ұштасатыны тағы бар. Осыны біле тұра, кейбір сезімтал жандар ұсақ-түйек мәселе бойынша бірден сотқа арыз түсіріп жатады.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді:

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді:

08.09.2025
Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

04.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАКОН ЕДИН ДЛЯ ВСЕХ

02.09.2025

Даулы мәселені ой елегінен өткізіп, уақыт пен қаражатты жоғалтпай, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану арқылы өзара келісе отырып шешу, әрине, тиімді.

Заң шеңберінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері ретінде медиативтік, партисипативтік және татуласу келісімдері қарастырылады. Татуластыру рәсімдерінің барлығы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Медиацияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Медиация – еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық қағидаттар негізінде жүргізіледі.
Медиатор – «Медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын жеке тұлға.

Халық арасында «медиация» ұғымының не екенін, оның не үшін қажеттігін және медиация көмегіне қалай жүгінуге болатындығын білмейтіндер көп.

Нақтырақ айтсақ, медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі.

Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады.

Соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы, медиация – еркін процесс. Рәсім сипаты жағынан-жария емес процесс. Онда тараптар дауды қарайтын тұлғаны, яғни, медиаторды өздері таңдайды. Медиатор кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын жеке тұлға.

Сонымен бірге сот талап шеңберінен шығуға құқысыз. Ал, медиация рәсімінде тараптар талап қоюшының талабын қанағаттандыру тәсілі туралы келісімге келуге құқылы. Сондай-ақ, сотта шешім құқық пен заң нормалары негізінде қабылданса, ал медиация рәсімінде шешім тараптардың өз мүдделерінің келісімге келуі негізінде қабылданады. Яғни, медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын және өзара қолайлы шешімге жетуі үшін медиатордың жәрдемдесуімен дауды реттеу рәсімі.

Татуласу рәсімдерінің басты артықшылығы тараптар өзара келісімге келгеннен кейін іс қысқартылады. Оған қарсы талап арыз келтірілмейді, сондай-ақ, шарт ерікті түрде жасалғандықтан, атқарушылық өндіріс қозғалмайды. Екі жақтың да мүддесі теңдей сақталып, уақыт үнемделеді. Тараптар ортақ келісімге келетіндіктен, оның орындалу деңгейі де жоғары болады. Мемлекеттік баж қайтарылады. Бұған қоса талапкер келісімде талап арызда көрсеткенінен басқа да талаптарын көрсетіп, келісімге келе алады. Келісім шарт талаптары заңға қайшы келсе, ол сотпен бекітілмейді.
Елімізде бітімгершілік институты кеңінен қолданылып, оның дамуына барлық мемлекеттік органдар мүдделілік танытылып, халықты барынша жұмылдырса, бірлігіміз артары сөзсіз.
Ғ.МЫҢБАТЫРОВ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

08.09.2025
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

08.09.2025
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

08.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған