• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жаңа технология — таза отын

22.09.2024
in Басты ақпарат
Жаңа технология — таза отын

АЭС-ке қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Қолдайтыны да, қарсылары да. Бірақ дискуссия әділ, интеллектуалды түрде өтсе екен дейсің. Себебі біз өркениетті қоғамда өмір сүреміз.
Бірақ атом станциясына қарсы азаматтар, тіпті Алмас Чукин сынды экономистер де ойын жеткізуде біраз олқылыққа жол береді. Кейде манипуляция, деректерді бұрмалау, салыстыруға келмейтіндерді салыстыру да жолығады.
Біріншіден, АЭС-те авария болатынына сенімді түрде жазыпты. Нострадамус дерсің құдды. Бірақ заманауи АЭС-терге су-сулы реактор орнатылады. Бұл – өте қауіпсіз. Осыған дейін мұндай реакторларда бірде-бір рет апат болмаған. Ғалымдардың есептеуінше, 10 миллион жылда 1 рет қана ақау шығуы мүмкін. Оның үстіне, АЭС салуға жұмсалатын қаражаттың 40 пайызға жуығы қауіпсіздік саласына кетеді. Демек, бұған алаңдауға негіз жоқ. Ешкім АЭС-ті авария болады деп салмайды. Болуы екіталай апат үшін АЭС салмай қою «шегірткеден қорқып, егін екпеумен» бірдей.
Сосын АЭС суы Балқашқа құйылады, ауаны ластайды дейді. Бірақ біраз нәрседен хабарсыз-ау. Мамандар талай мәрте айтты. АЭС-тің ядролық отыны тұрған контейнердегі су көлге қайта құйылмайды. Өз ішінде тұйық жүйемен айналады.
Тіпті, салқындатушы рөлін атқаратын екінші контейнердегі су да көлге емес, арнайы тоғанға құйылады. Мұндай тоғанда судың сапасы қатаң бақыланады. Сол үшін онда форель секілді тұщы суда жүретін балық жіберіледі. Оны жеу денсаулыққа зиян емес. Тіпті, мұндай тоғандарда адамдар шомыла алады. АЭС ауаға көмірқышқыл газын бөлмейтіндіктен, ауаның сапасына әсер етпейді. Керісінше, ТЭС-тердің маңында ауа қатты ластанады.
АЭС-ке қарсылар бірдеңе болса, Семей полигонын мысалға келтіреді. Бірақ Чернобыль, Фукусима, Три Майл Айленд пен Семейді салыстыру дұрыс емес. Біріншіден, Семейде ядролық қару жарылды. Ал АЭС-те мүлдем бөлек түрдегі уран қолданылады. Ондай отын жарылмайды, тіпті қолмен ұстап көруге де болады. Чернобыль мен Фукусимада екінші буын реакторы орнатылған. Әлемдегі АЭС-тердегі апаттардың басым бөлігі осы екінші буын реакторында болған. Три Майл Айлендте тіпті бірінші буын реакторы тұрған. Ал су-сулы үшінші буын реакторында апат болған емес.
Екіншіден, АЭС салу кезінде қаражат ұрлануы мүмкін деп күмән келтіреді. Жалпы, елдегі ірі жобаларға мұндай күмәнмен қараған дұрыс. Алайда АЭС-ке емес. АЭС құрылысы мен басқа инфрақұрылымдық құрылысты салыстыру дұрыс емес. АЭС-тің бүкіл құрылысын бастан-аяқ МАГАТЭ секілді халықаралық ұйымдар бақылайды. Бұл жерде қанша қаласаңыз да, жемқорлыққа жол бере алмайсыз. Сондықтан ЛРТ мен АЭС-ті салыстыру ақылға қонымсыз.
Сондай-ақ атом реакторын салу құны қымбат екенін алға тартыпты. Кешіріңіз, келіспеймін. Бір ғана мысал келтірейін. Былтыр Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алу үшін 400 миллион доллардан астам қаражат төлеген. Қырғызстанға 200 миллион доллар бердік. Электр дефициті артып отырғанын ескерсек, алдағы уақытта жылына көрші елдерге электр қуаты импорты үшін милилард доллар шығындауы мүмкін. Қазіргі деңгейдің өзінде алғанның өзінде 12 млрд доллар жиырма жылда ақталады.
Ядролық қалдықпен қалай жұмыс істеуді де жақсы білеміз. Қазақстан баяғыдан уранмен қалай жұмыс істеуді біледі. Семейде МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі бар. Демек, Қазақстан үшін пайдаланылған уран қалдығын сақтайтын орын салу қиындық туғызбайды.
Үшіншіден, АЭС-тің орнына неліктен басқа электр стансаларын салмаймыз деп қайғырыпты. Шын мәнінде, Екібастұздағы ГРЕС секілді көмір жағатын жылу стансалары табиғатқа зиян. Әрі әбден тозығы жеткен. Алдағы уақытта оның қуаты кеми түседі. Сондықтан Париж келісіміне сәйкес, олардың орнын басатын электр көздері керек.
Оның үстіне, Қазақстан тек АЭС-ке қана үміт артпайды. Сонымен бірге басқа электр көздерін де дамытады. 2035 жылға қарай Қазақстанда жаңармалы энергетика көзі 36 пайызға, АЭС қуаты 9 пайызға, гидроэнергетика 12 пайызға жетеді. Газ генерациясы 27, көмір 17 пайызды құрауға тиіс. Осылайша, жасыл энергетика қуаты 57 пайызға жетеді.
Демек, Қазақстан АЭС-қана салып қояды деген таза манипуляция. Үкімет келешекте жаңармалы энергетика көздерін әртараптандыруға басымдық беріп отыр. АЭС соның бір бөлшегі болады.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест

ФинIQ – тест на финансовую грамотность

15.10.2025
ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест

ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест

15.10.2025
МОЛОДЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ ГОРДЯТСЯ РЕПУТАЦИЕЙ СТРАНЫ – РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ

МОЛОДЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ ГОРДЯТСЯ РЕПУТАЦИЕЙ СТРАНЫ – РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ

15.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған