• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 26 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Мемлекеттік тілді насихаттау

21.09.2024
in Құқық-заң
Мемлекеттік тілді насихаттау

Қай ұлттың болмасын өзіндік тілі, дәстүрі және діні болады. Бұл үшеуі бірігіп, ұлттың нағыз рухани тірегіне айналады. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін – ресми тіл, мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

Оқи отырыңыз...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НАСИХАТТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НАСИХАТТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

23.10.2025
ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕҢДІГІ – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ

ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕҢДІГІ – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ

23.10.2025
Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне жол жоқ

Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне жол жоқ

23.10.2025

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар арасында құжат айналымның тек мемлекеттік тілде болуын қатаң сақтауды жүзеге асыруда.

Мемлекеттік тілді насихаттау үшін әрбір азамат өзінің тілін, тарихын терең де жете білуі керек. Тіл байлығы – елдің, ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалыптасып отырады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы қазіргі уақытта үнемі айтып келеді. Бұл елбасының мемлекеттік тілге деген үлкен құрметі. Тіл – халықтың жаны, халқымыздың аса бай рухани қазынасы. Барлық әлем тану үшін, тіліміздің мәртебесін биік ұстануымыз керек.

Біздің мекеменің қызметкерлері мемлекеттік тілді дамытуға байланысты әр-түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Қызмет бабы бойынша қазақ тілінде кәсіптік терминдер қолданылады. Өзім қызмет етіп отырған Шымкент гарнизоны әскери сотында тілді насихаттау туралы бағытта біраз жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік тілде іс жүргізуде қателіктердің болмау жолдарын қарастыра отырып, дөңгелек үстел, семинарлар өткізіліп тұрады. Бүгінгі күні тілдерді дамытып насихаттау жан-жақты қарастырылған. Тіл тағдырына жанашарлығымызбен қамқорлығымызбен қарап, барлық әлем тану үшін тіліміздің мәртебесін биік ұстауымыз керек.

Б.МЕДЕШОВА,

Шымкент гарнизоны әскери сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бизнес жобаларын таныстырды

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бизнес жобаларын таныстырды

25.10.2025
«Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді

«Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді

25.10.2025
Кәсіпкерлер не дейді? Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы өткір мәселелер көтерілді

Кәсіпкерлер не дейді? Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы өткір мәселелер көтерілді

25.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған