• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СОЗАҚТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

18.09.2024
in Басты ақпарат
БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СОЗАҚТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүкіләлемдік Тазалық күніне орай, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Созақ ауданында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Эко шараның негізгі мақсаты — азаматтар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру. Аудандық ардагерлер алқасы бастаған топ «Ысқақ баб» кесенесінің айналасында шашылған қоқыстарды жинап, киелі мекен аумағын қураған шөптерден тазартты. Шара соңында жиналған 1 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға жеткізілді.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы, абыз ақсақал Әбдірашұлы Садық та тазалық жұмыстарына қатысып, өз үлесін қосты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы – бүкіл елін, жерін жақсы көретін азаматтардың басын қосып, туған жерін тазалап, ағаш егіп, экологияны сақтауға бағытталған бағдарлама. Біз өз өлкемізді күл-қоқыстан тазалай отырып, өскелең ұрпақты экомәдениеттілікке, қоршаған ортаны қорғауға үйретеміз. Табиғат ананы қорғай білсек, келер ұрпақ алдында мәртебеміз биік болмақ», деді ақсақал.
Сондай-ақ созақтықтар Шолаққорған елді мекеніндегі «Орталық» саябақпен қатар, Таукент ауылында орналасқан «Жастар» саябағында да тазалық жұмыстарын жасады. Шараға елді мекен тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер және еріктілер атсалысты. Эко шара аясында демалыс аймақтарында қоқыстар жиналып, қураған ағаштардың бұтақтары кесіліп, ретсіз өскен шөптер шабылды. Эко шараға 100-ге жуық адам қатысып, қос саябақ аумағынан 8 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Туристер үшін тартымды мекен саналатын Қызылкөл көлінің аумағында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Көлдің айналасы, емдік қара балшығы бар аумағы мен көлге апарар жолдың бойы тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазартылды.
Атап өтейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы, Түркістан облысында өткізілген сенбіліктерге 3,5 мыңнан астам тұрғындар қатысып, 98 техника тартылды. Нәтижесінде 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Бағдарлама аясында Түркістан облысы аумағында «Үлгілі ауыл» байқауы бастау алған. Байқаудың негізгі критерийлері ретінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралардың саны, насихаттау көрсеткіші, ауылды көгалдандыру, абаттандыру, тазалықтың сақталуы, ауылдың экологиялық жағдайы назарға алынып, байқаудың жүлдегерлері үшін жергілікті бюджеттен әлеуметтік нысандар салынатын болады.

Оқи отырыңыз...

Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

06.04.2026
Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

03.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

06.04.2026
Тіл – темір қазығым

Тіл – темір қазығым

06.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған