• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КҮНБАҒЫС – ЕГЕ БІЛГЕНГЕ ЕН ТАБЫС!

18.09.2024
in Басты ақпарат
КҮНБАҒЫС – ЕГЕ БІЛГЕНГЕ ЕН ТАБЫС!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында «Азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы  керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі.
Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет.
Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды.
Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Осындай жоба «Amanat» партиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы керек» деді.
Түркістан облысының диқаншылықпен айналысатын тұрғындары нарықтық қатынастарға бейімделіп, инновациялық ізденістермен қандай дақыл өсірудің тиімділігін есептеп, нар тәуекелмен соны қолға алып та жатыр. Олар өз болашақтарын өздері ойлап, заңды түрде табысты жұмыс істеуге талпынуда.
Біз төменде шардаралық сондай азаматтар туралы материалды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Оқи отырыңыз...

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

16.10.2025
Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

16.10.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15.10.2025

КҮНБАҒЫС – ЕГЕ БІЛГЕНГЕ ЕН ТАБЫС!
Биыл шардаралық шаруалар жылда егіп жүрген дақылдардан бөлек, күнбағыс егуді бастаған болатын. Бұл дақылды егуді Жаушықұм ауылдық округіндегі «Иіржар-агро» ЖШС-інің диқандары қолға алған еді. Олар иелігіндегі 370 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен күнбағыстың «Карчек» деп аталатын сортын орналастырды. Сапалы тұқымды Қытайдан алдырған. Түрік азаматтарымен бірлесіп жұмыс жасап жатқан серіктестік диқандары алажаздай күнбағыс дақылын күтіп, баптап, қыркүйек айының басында оруға кірісті.
​«Иіржар-агро» серіктестігіне ат басын бұрып барғанымызда қызу еңбектің үстінен түстік. Қырманда күнбағыс дәні дегеніңіз тау болып үйіліп жатыр. Оншақты жігіттер кептірілген дәнді арнайы технологияның көмегімен електен өткізіп, сұрыптап, дайын өнімді қапқа салып, жинап қоюда.
​«Иіржар-агро» ЖШС-інің басшысы Оразалы Шыршықбаев жұмыс барысын түсіндіріп берді.
​–Біз бұған дейін мақта дақылын өсірумен шұғылданып келдік. Бірақ, соңғы жылдары шитті мақтаның бағасы төмендеп, немесе маңдай термен тапқан өнімді өткізудің машақаты молайып, еткен еңбек еш болатын жағдайға жеттік. Содан соң ойланып-толғанып, елеп-екшеп осы күнбағысты өсіріп көруге тәуекел еттік. Бұл саланың ұңғыл-шұңғылын жетік білетін түрік елінің азаматы Мұзаппар Илдариммен келісіп, Шардараға келуге көндірдік. Осылайша жұмыс бастадық. Егінді орудан алдын өнімге дефолиация жасап, комбайнмен арнайы дәрі сеуіп шықтық. Бұл әдіс күнбағысты қуартып қана қоймастан кептіріп шығады екен. Комбайнмен орылып, кептірілген дәнді арнайы техника ары қарай електен өткізіп жатыр. Гектар түсімі қазірге екі тоннадан айналып жатыр деп топшылап отырмыз. Ал, шығын мен табысты бүге-шігесіне дейін есептегеніміз жоқ. Орақты бітіріп, дәнді қамбаға түсіріп, оны нарыққа шығарған соң барып нақты есебін айтқанымыз жөн шығар, – дейді аңқылдап қалған Оразалы ағамыз.
​Серіктестік төрағасының айтуынша дайын өнімді Ресей мен Түркияға шығаруды жоспарлап отыр. Сұраныс болса өзіміздің ішкі нарыққа да шығарамыз, дейді.
​–Аудан әкімі Арман Қарсыбаевқа рахмет, жұмыс басталғалы келіп жағдайымызды сұрап отырды. «Қандай жәрдем болса да қолдауға әзірміз» деп бізге жанашырлық танытып отырғанына ризамыз. Әкімнің ұсынысымен маңайымыздағы басқа да шаруаларды күнбағыс егуге үгіттеп, өзімізге тарттық. Соның нәтижесінде майда шаруашылықтар өзара ақылдаса келе, бірігіп, 220 гектар жерге күнбағыс, 60 гектар жерге жүгері дақылдарын екті. Тамшылатып суару деген бірінші кезекте суды үнемдесе, екіншіден гектар түсімін жай кездегіге қарағанда бірнеше есеге арттырады. Әрі ауылшаруашылығы саласын әртараптандыру болып табылады. Біз сонау Сырдариядан 4 насос арқылы 2 шақырым жерден су тартып шығардық. Су келетін каналдар әбден тозығы жетіп ескірген екен. Осы каналдарды аудан басшылығы жөндеуден өткізуге жәрдем береміз деп отыр. Каналдар реттелсе су ысырап болмай, біздің шығын да азаяр еді, – дейді Оразалы Шыршықбаев.
​Қапқа түсіп жатқан күнбағыс дәндерін көрген адамның көзі тояды. Қара ала түсті, үлкендігі саусақтай-саусақтай келетін шемішкеңіз дүкендегі күнделікті пәлен теңгеге сатып алып жүрген пістеден еш айырмасы жоқ. Осы дақылды егуге батыл түрде кіріскен «Иіржар-агро» диқандарының ізденімпаздығы мен еңбекқорлығына сүйсінесің. Заман ағымына сай жаңа инновациялық техникамен тың дақылды өсіруге құлшыныс танытып, жаңа егіс түріне бетбұрыс жасап отырған Оразалы Шыршықбаев сынды азаматтардың істеріне сәттілік тілейміз. Пістешілерге «Қырмандарыңызға береке толсын» деген тілегімізді айттық.
​Әділ ӘБДІРАМАНОВ, Шардара ауданы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

16.10.2025
«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

16.10.2025
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

16.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған