• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚОЛӨНЕРГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ӘКЕМНЕН ДАРЫҒАН…

18.09.2024
in Басты ақпарат
ҚОЛӨНЕРГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ӘКЕМНЕН ДАРЫҒАН…

Мемлекет жұмыс істеймін, жеке кәсіпкерлігімді ашамын деушілерге барлық жағдайды жасауда. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол сияқты жеке ісін бастағысы келгендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар бөлу жеке кәсіпкерлікті бастаушылардың үлкен ынтасын тудырып, қанаттандырып отыр. Түркістан облысында жеке кәсібін бастау үшін бизнес-жоспарын жасап, оны қорғап мемлекеттік грант алып жұмысын жүргізіп жатқандар көбейіп келеді. Солардың қатарында Түлкібас ауданының тұрғыны Уәлихан Пернебекұлы Қожантай есімді азамат та бар. Біз төменде ол туралы материалды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Оқи отырыңыз...

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

16.10.2025
Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

16.10.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15.10.2025

ҚОЛӨНЕРГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ӘКЕМНЕН ДАРЫҒАН…

«Аудан орталығында аяқ-киім шығаратын цех ашылыпты. Бүгінде ол жерде 4 адам жұмыспен қамтылған. Уәлихан Қожантай есімді азаматтың басшылығындағы бұл өндіріс орнының алдына қойып отырған басты мақсаты — Түлкібас ауданының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді аяқ-киімдермен қамтамасыз етіп, болашақта үлкен фабрика ашу»- деген жағымды жаңалықты есіткен соң жақсыны көрмекке деген оймен аудан орталығындағы Майлыкент ауылдық округ әкімшілігі ғимаратына қарама – қарсы Абиров көшесінің бойына орналасқан аяқ киім тігетін шағын цехқа жол тартқан едік. Біздің бақытымызға орай жас жігіт, жеке кәсіпкер Уәлихан Пернебекұлы Қожантай өз орнында болып шықты.
-1995 жылы Жаскешу ауылында дүниеге келіп, Сейфуллин атындағы орта мектептен түлеп ұшып шықтым,- деп бастады өзінің әңгімесін жаңа кейіпкеріміз бізді жылы шыраймен қарсы алып. — Өзім қалаған «Мирас» университетіне оқуға түсіп, ағылшын тілін тереңірек оқи бастадым. Сол жылдары американдық бағдарламаның грант иегері атанып, ағылшын тіліне шындап ден қоя бастадым. 2016 жылы аталмыш оқу орнын бітіріп, «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсететін қызмет орталығына жұмысқа тұрып, өз алдарына кәсіп ашамын деген азаматтарға бизнес жоспарын дайындап беріп жүрдім. Жылдар өте келе «Shymkent» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясына Кәсіпкерлермен Инвесторларды Қолдау департаментіне қызметке тұрдым. Негізгі міндеттерім аты айтып тұрғандай Шымкент қаласының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету және жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру болды.
Сол кездері біршама тәжірибе жинақтап, болашақта қандай бизнес ашу керектігі жайлы көбірек ойланатын болдым. Жәй ғана алып-сатар бизнестің түрін қаламадым. Өзімнің әкем Пернебек Торғаев біздің кішкентай кезімізде ауыл тұрғындарының жыртылған, тесілген етіктерін тігіп, жымын білдірмей жамап беріп отырушы еді. Сол көрініс есіме түсіп, аяқ киім тігу идеясы ойымнан кетпей қойды. Осылайша бұл кәсіпке қызығу әкемнен дарыды десем де болады. Интернет желісін ақтарып, алда атқарар жұмысыма бизнес жоспар құра бастадым. Қолға алған мамандығымды жетік меңгеру үшін Алматыға барып, «Шебер» оқу орталығында үш ай оқып, «Аяқ киім шебері» деген сертификатты алып шықтым.
Негізі, аяқ киім саласы жалпы қиын процесстерден тұрады. Оның әр бір бөлшегі нағыз ойды, тәжірибені қажет етеді. Нарықтағы керекті материалдарды да ескеру қажет. Біздің шағын ұжым үшін үлкен фабрика болмағандықтан және бюджетіміз санаулы болғандықтан әрбір аяқ киімдегі бөлшекті (детальді) жасау үлкен жұмыс болып табылады. Оған қарамастан керекті құрал жабдықтар тізімін алдын ала құрып қойдым. Сол кезде «Zhas Ptoject» жобасы басталған еді. Оның шарттары сол кездегі менің статусыма сәйкес болып шықты. Комиссияға өз жоспарымды қорғап шығып, бақытыма орай 1 миллион теңге грант ұтып алдым. Ол қаражат негізгі құралдарымның үштен бір бөлігін ақтады. Құрал жабдықтардан бөлек материалдар, оның ішінде аяқ киімнің негізгі бөлігі – былғарыны Шымкенттегі былғары зауытынан алып, Алматыда танысқан осы саланың бесаспап маманын Түлкібасқа шақырып, қарамағымдағы 4 адамды үйрету үшін екі апта бойы оқыту жұмыстарын жүргіздік. Нәтиже жаман болған жоқ, қазіргі таңда сол 4 маман бұл кәсіпке кәдімгідей төселіп қалды.
Болашақта атқарар жоспарымыз көп. Соның ең бастысы: жаңадан ашылған цехты үлкейту, фабрика дәрежесіне жеткізу. Заманауи құрал-жабдықтарды алып, сапалы, былғары аяқ киімдермен қол жетімді бағада аудан тұрғындарын қамтамасыз ету. Жоба аясында бүгінгі күнге дейін тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға 20 дана аяқ киімдерді тегін тараттым. Құдай қаласа, жұмысымыз қарқын алған кезде мұндай қайырымдылық шараларын көбірек жасап тұратын боламыз.
Осылайша, жеке кәсіпкер Уәлихан Пернебекұлы Қожантай әңгімесін көңілді кейіпте аяқтады. Біз де өз кезегінде жаңа кәсіп ашып отырған жас маманның алдағы еңбегіне сәттілік тілеп отырдық…
Орынтай КӨМЕКОВ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

16.10.2025
«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

16.10.2025
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

16.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған