• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

18.09.2024
in Басты ақпарат
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Мемлекеттік идеология қазақстандықтардың рухани деңгейін көтеріп, отаншылдықтарын арттыру үшін мәдени-рухани, өнер мен спорттық шараларды да пайдалануды құп көреді. Өйткені, әдебиет пен мәдениет, өнер мен спорт арқылы қазақстандықтардың ынтымағы мен бірлігі нығайып, Отанға деген сүйіспеншілігі артады, рухани жады жаңғырып, ел болашағын жарқын етуге белсене атсалысады. 13 қыркүйек күні Ақтөбе облысында «Еркелей аққан ор өзені» дәстүрлі XVI республикалық ән байқауында Түркістан облысының атынан әнші, Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Айдос Әлқуат бақ сынап, жүлделі III орынды қанжығасына байлады.
Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау ІІ кезең бойынша өткен. Ол бірінші кезеңде Жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның сөзіне жазылған ақтөбелік танымал композитор Бейбіт Оралұлының «Алғашқы көктем» әнін, ақтық кезеңде Ақтөбе облысынан шыққан ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтың «Айналдым елім» әнін орындады.
Қатысушылардың өнерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, әйгілі Димаш Құдайбергеновтың ұстазы Марат Әйтімов, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Болысбек Қайрат және «Дарын» жастар сыйлығының иегері, вокал шебері Нұртас Омаров сынды кәсіби мамандар бағалады. Олар байқауға қатысушы үміткерлердің әнді орындау шеберлігіне, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгісіне, табиғатына сай ән таңдауына, дауыс диапазонына, әртістік қабілетіне баса назар аударды.
Айта кетейік, аталмыш сайыстың мақсаты өңірден шыққан композиторлардың әндерін кеңінен насихаттау мен талантты әнші, орындаушыларды анықтауға, дарынды жастардың шеберлігін шыңдауға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Жерлесіміз өзінің өнерімен және алған жүлдесімен Түркістан облысында да мәдениет пен өнерге көңіл бөлініп, осы салада таланттарды тәрбиелеуге мән беріліп отырғанын көрсетті.

Оқи отырыңыз...

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

16.10.2025
Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

16.10.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

16.10.2025
«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

16.10.2025
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

16.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған