• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ОТЫРАРДА АУЫЛ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

18.09.2024
in Басты ақпарат
ОТЫРАРДА АУЫЛ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деген Жолдауында мемлекеттік басқару, атқарушы органдар жұмысын жетілдіру, сайлау жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. «Азаматтарымыздың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды.
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте  жұмыс істемеген.  Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңғырды» деп былтыр күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау басталып, барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен сайланғанын және сайланған әкімдердің жұмысын жан-жақты зерделененін айтты. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылданып, келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшіп, содан бастап аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келетіндігін де айтты.
Түркістан облысында 2021 жылы басталғалы бері біртіндеп ауыл әкімдерінің сайлаулары жалғасып келеді. Отырар ауданында 2024 жылы 15 қыркүйекте өткен Қоғам ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қоғам ауылдық округінің әкімі болып Жамалханов Шоқан Жамалханұлы сайланды.
Соған байланысты Қоғам ауыл округіне арнайы барған аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған ауыл әкімін қоғамдықтарға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан әкімі халықпен тығыз байланыста, ауызбіршілікте және түсіністікте жұмыс жасау керектігін айтып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған негізгі міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жұбаев жаңадан сайланған әкімге куәлік тапсырды.
Жамалханов Шоқан Жамалханұлы 1974 жылдың 3 ақпанда Отырар ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 1998 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Отырар аудандық мемлекеттік нотариаттық кеңсесінде келісімшарт негізінде қызметкер болып бастаған.
2002-2011 жылдары Отырар аудандық сотының сот приставы, аға сот жасауылы, сот мәжілісінің хатшысы, 2011-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2012-2017 жылдары ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылы ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы, 2019 жылдан осы уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.

Оқи отырыңыз...

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

16.10.2025
Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

16.10.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

16.10.2025
«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

16.10.2025
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

16.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған