• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 26 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Мемлекеттік тілді насихаттау

17.09.2024
in Құқық-заң
Мемлекеттік тілді насихаттау

Әр елдің басты ерекшеліктерінің бірі – оның тілі, сондықтан да мемлекеттік тіл елдің ажырамас бөлігі болуы қажет. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Бұл біздің Ата заңымыздың 7-бабында анық көрсетілген. Мемлекет өз тілін сақтап, оның қолданылу аясын кеңейтуге ерекше назар аударуы тиіс.

Оқи отырыңыз...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НАСИХАТТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НАСИХАТТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

23.10.2025
ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕҢДІГІ – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ

ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕҢДІГІ – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ

23.10.2025
Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне жол жоқ

Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне жол жоқ

23.10.2025

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл – біздің ана тіліміз –Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек.

Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту аса маңызды мәселе болып отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері тіл саясатына ерекше көңіл бөлініп келеді, себебі тіл – біздің елдігіміздің басты белгісі. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңға сәйкес, қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі болып бекітілді. Бұл заң мемлекеттік органдардың тіл саясатын реттеп, барлық тілдерге құрметпен қарау керектігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі жайлы: «Қазақ тілі – қазақтың жаны. Тарихымыз да, тағдырымыз да тілде жатыр» деп атап өткен. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол халықтың мәдениетін, дәстүрін, рухани құндылықтарын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші маңызды құрал болып табылады.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жылдан жылға кеңейіп келеді. Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі өзекті болып қалуда. Мемлекеттік тіл елді біріктіруші басты факторлардың бірі екенін ұмытпауымыз қажет.

Қазіргі кезде сот жүйесінде барлық құжаттар мен іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сот процесінде қазақ тілінің рөлі артып келеді. Сот жүйесінің басты мақсаты – азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта сот реформалары жүзеге асырылып, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

Өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырды. Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгерілеуіне заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу қажеттілігімен қатар, яғни мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселесіне де жаппай көшуді қолға алуда біршама ісшаралар жасалуда.
Тіл – халықтың қастерлі құндылығы, әр адам үшін ана тілі қымбат. Адам өз тілін қалай құрметтесе, өз Отанын да солай сүюі қажет. Ана тіліміз арқылы ғана ата-анамызға, халқымызға, Отанымызға деген махаббатымызды білдіре аламыз.

Ж.РАХИЕВА,

Шымкент қаласы

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман сот мәжілісінің хатшысы.

 

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бизнес жобаларын таныстырды

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бизнес жобаларын таныстырды

25.10.2025
«Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді

«Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді

25.10.2025
Кәсіпкерлер не дейді? Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы өткір мәселелер көтерілді

Кәсіпкерлер не дейді? Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы өткір мәселелер көтерілді

25.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған