Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті. Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бәрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті» дей келіп үкімет қаржыландыратын барлық мекемелердің кадрлық жүйелерін автоматтандыру қажеттігін де айтты. Сол сияқты ол еліміздің дамуындағы кедергілердің бірінің сыбайлас жемқорлық пен парақорлық екенін, мемлекеттік қызметшілер арасында бұл келеңсіз әдетті болдырмау, алдын алу жөнінде де айтып келеді. Сондықтан да, Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қадағалауда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да түсіндіріліп отырады.
Қазығұрт аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Қанат Иматов аудан әкімі аппаратының және бөлім қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Жиналыстың күн тәртібінде өзекті 6 мәселе қаралды:
1. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез құлық қағидаларын жетілдіру;
2. Қызметкерлердің жұмысына талдау жасау;
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану;
4. Азаматтармен, әріптестермен қызмет бабында сыпайылық таныту;
5. Мемлекеттік қызметкердің құмар ойын мекемесіне бармауы;
6. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау әдебі.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, адал қызмет етуге үндеу, алдағы уақытта құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып өткізу туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі талқыланып, өтініштерді мерзімінен кешіктірмей тіркеп, орындалуын қадағалау, заңбұзушылыққа жол бермеу, өз қызметіне ұқыптылықпен қарау туралы қатаң ескертілді. Кадр қызметіне қатысты мәселелер бойынша іскерлік стильді киім үлгісін сақтау, «Е» қызмет жүйесіне мемлекеттік қызметшілер өз деректерін дер кезінде орналастыруын қадағалап отыру, еңбек демалысының мерзіміне көңіл бөлу керектігін атап өтті.
Мемлекеттік-құқықтық заң және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің мәселелері бойынша аудан әкімінің атынан шығарылатын өкімдер мен бұйрықтар дайындау кезінде қателіктерге жол бермеу, еңбек демалысы мен іс-сапар шығындарының уақытылы төленуін қадағалау, заңбұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды.
Аудан әкімі аппараты ғимаратындағы ішкі тәртіп жүйесін сақтау, азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау, мемлекеттік мүлікке ұқыптылықпен қарау керектігін, кабинетті таза ұстау, ғимарат сыртында тазалық сақтау туралы айтылды. Сондай-ақ, облыстан, басқармалардан келген хаттамалық тапсырмаларды созбалыққа салмай мерзімінде орындалуын қадағалау, қызметіне немқұрайлықпен қарауды доғару керектігі қатаң ескертілді.
Сонымен қатар бөлімше басшыларының ұсыныстары талқыланып, заңға сәйкес шешім қабылданатындығы түсіндірілді