• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 19 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨНЕРЛЕРІМЕН КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ

12.09.2024
in Басты ақпарат
ӨНЕРЛЕРІМЕН КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынына жер шарының барлық құрлықтарынан спортшылар қатысуда. Жарыс басталғалы олар нағыз номадттар саналатын қазақтардың ата-бабаларынан бері келе жатқан ұлттық спорттарын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін де тамашалауда. Соның ішінде бүкіл еліміздің аймақтарынан барған өнерпаздар өнерлерін көрсетуде. Олардың өнерлерін әлемнің жүзден астам елдерінен келген спортшылар мен туристер, қазақстандықтар да тамашалауда.
Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Түркістан облысының өнерпаздары да Астана төрінде өнер көрсетіп жатыр. «Бірлік керуені» жобасы шеңберінде «Көшпенділер әлемі» құрылған болатын. Этноауылда киіз үйлер тігіп, көпшілікке өңірдің мәдени-туристік әлеуетін таныстырып жатыр. Шараны тамашалаған еліміздің депуттары мен зиялы қауым өкілдері бастаған көрермен өз бағасын беріп жатыр.
Алдымен түркістандықтар Тайқазан маңында Ақмола мен Ұлытау облысының керуенімен бірге салтанатты су құю рәсіміне қатысты. Облыс өнерпаздары мен өкілдері белсене араласты. Содан соң мәдени-концерттік бағдарламаға ұласты.
«Шаңырақ» этно шатырында өткен «Дала сазы» концертінде Түркістан облысының «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблі мен «Арша» тобы өнер көрсетті. Содан соң аламан айтысқа Түркістан облысының айтыс жүйріктері қатысты. Ақмола мен Ұлытау облыстарының ақындарымен көпшілікке қазақ айтыс өнерін паш етті. Облыс құрамасын «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков бастап келді. Жас ақыдар – Нұрмахан Жақыпбек және Нұрдәулет Өмірбеков облыс намысын абыроймен қорғап шықты.
Күннің екінші бөлігінде облыс өнерпаздары мен белгілі әнші Маржан Арапбаеваның қатысуымен «Түркістаным – Тұраным» гала-концерті өтті. Онда «TANBA» мен «TURAN boys» тобы, «ARTist» және «Фараб» би ансамблі, белгілі дәстүрлі әншілері Оразәлі Жаңабаев, Мағжан Әлтенбаев және Ахинбеков Руслан, Әлменов Тұрар, «Сарын» тобы, Дінмұхаммед пен Дана, Айзада Асылхан, «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблі мен «Арша» тобы өнер көрсетті.
Киіз үй алдында Отырар халық театрының ұлттық салт-дәстүр қойылымдарынан көрініс көрсетсе, «Арша» тобының дәстүрлі ән шашуы мен «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблінің туындылары көптің қызығушылығын тудырды. Шәмші әндерін қосыла шырқап, халық әндерін тыңдады. Әсіресе шетелдік туристерді қазақ өнері таң қалдыруда.
Күні бойы облыстың қолөнер шеберлерінің өнімдері көрме-жәрмеңкеде көпшілік назарына ұсынылып жатыр. Өңірден барған 15 шебердің қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс жоғары. Ұлы дала дүбірі аясында өткен мәдени шараға келушілер қатары көп болды.
Айта кетейік, дархан даланы дүбірге бөлеп, көшпенділердің салт-санасы мен өмір сүру салтынан сыр шертетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 13-ші қыркүйекке дейін өтеді. Осы уақыт аралығында Этноауылдағы мәдени бағдарлама өз жұмысын жалғастырады.

Оқи отырыңыз...

Десять лет успеха: в Шымкенте прошел бизнес-форум деловых женщин

17.10.2025
Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

17.10.2025
«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

17.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

18.10.2025
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

18.10.2025
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

18.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған