• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛІП, АРДАГЕР АРДАҚТАЛДЫ

11.09.2024
in Басты ақпарат
ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛІП, АРДАГЕР АРДАҚТАЛДЫ

Түркістан облысында «Отбасы күні» меркесін жаппай мерекеленіп, осы датаға орай апталық та өткізілуде. Отбасы күніне арналған апталықтар отбасы құндылықтары, шаңырақтағы шаттық пен берекенің маңыздылығы насихатталып, көпбалалы, өнегелі отбасылар ардақталып, құрмет көрсетілді. Апталыққа Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің ұжымдары да белсенді түрде атсалысып, бірқатар шараларды іске асырды.
“Отбасы күні” мерекесіне орай Түлкібас аудандық полиция бөлімі мен “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының” мамандары және “Ақсақалдар кеңесі” мен “Аналар ұйымының” мүшелерімен бірлесе отырып, дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты, неке және отбасы институтын нығайту, отбасының тұрмыстық қатынастарға оң әсер ететін бағыты мен тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.
Шарада отбасы құндылықтар жайлы ой пікірлер ортаға салынып, онда: Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойғанын және Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтетіндігі жайлы айтылды.
Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» аталып өтеді. Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп жиын өткізді. Бұл кездесу отбасылық құндылықтарды насихаттау, жанұя тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететін шараларды талқылауға бағытталды.
Кездесу дөңгелек үстел бағытымен жүзеге асырылып, “Мықты отбасы — мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында жалғасты. Оған отбасылық қолдау орталығының өкілдері, учаскелік инспекторлар және басқа да мүдделі органдар қатысты.
Күн тәртібінде қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасылармен жұмыс істеу, ана мен бала құқықтарын қорғау, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу шараларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жас отбасылардың нығаюы мен сақталуының маңыздылығы талқыланды. Ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы ерекше атап өтілді. Қоғам ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту үшін осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.
Отбасылық құндылықтарын жастарға насихаттау, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында Мақтаарал ауданы полиция бөлімінде абыройлы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан Асқар Төлегенұлының шаңырағында болдық.
Елу жылға жуық бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп келе жатқан Асқар Төлегенұлы мен Қалдыкүл Әліпбайқызы бүгінде 2-ұл, 4-қыз тәрбиелеп, немере-шөберелердің алдында қызыққа толы ғұмыр кешіп келе жатқан бақытты отбасы.
Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, дара, батыр тұлғалардың болғаны ақиқат. Батылдық, табандылық, инабаттылық, үлкенді силау, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұл нағыз ата-ананың еңбегі екені даусыз.
Міне, осындай өз елінің нағыз патриоты адал офицер Мақтааарал аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Ерлан Төлеген осы ата-анадан тәлім алған ержүрек азамат.
Алтын асықтай ұлды дүниеге алып келіп, асыл азамат етіп тәрбиелеп, отанға қызмет етіп, халық алдындағы борышын абыроймен атқаруға бастаған Асқар ағамыз бен Қалдыкүл анамызға шынайы құрмет көрсетіп, отбасына бақ-береке, ұзақ ғұмыр тілеп, сый сыяпат табыстадық.

Оқи отырыңыз...

Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

06.04.2026
Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

03.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

06.04.2026
Тіл – темір қазығым

Тіл – темір қазығым

06.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған