• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

МЕДИАЦИЯ – бітімгершілікке жасалған игі қадам

10.09.2024
in Құқық-заң
МЕДИАЦИЯ – бітімгершілікке жасалған игі қадам

Біздің халық дау, сот деген дүниелерден алшақ жүргісі келеді ғой. Қазақ басын дауға қалдырмауға тырысқан. Ал егер қоғамдық қатынастарда белгілі бір даулар туындап жатса оны ресми соттың алдына бармай-ақ ел ағаларына, қоғамдағы беделді ақсақалдардың алдына барып шешіп алатын болған. Сол себепті бүгінгі қоғамымыздағы қатардағы жұртқа қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ бұл ата-бабамыздың салтында, дәстүрінде болған институт.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

Сот төрелігінің қазіргі таңда басты проблемасы – бұл азаматтық соттардың шамадан тыс жүктелуі және судьяларға аса зор міндет артуы. Біріншіден, азаматтық-құқықтық даулар (қарызды өндіріп алу туралы, қызметтерді төлеу бойынша соманы өндіріп алу туралы, міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімдері туралы, мүлікті меншік иелері арасында бөлу туралы, борыш­ты қайта құрылымдауға келісу туралы, бизнестегі медиация, медицинадағы медиа­ция, мектептегі медиация, жер дауларындағы медиация, кәсіпкерлік субъек­тілері арасындағы медиация, тұтынушылық даулардағы медиация, банктік даулар мен микроқаржы ұйымдарындағы медиация, сақтандыру қызметіндегі медиация, коммуналдық даулардағы медиация, бірлескен мүлікті пайдалану туралы және т.б.) азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесінде медиация жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өзара күнделікті іс-қимылдарының барлық саласын қамтиды.

ҚР АПК-нің 48-бабына татуластыру рәсімдері деп мыналарды жатқызсақ болады: бітімгершілік, келісім жасау, дауды(жанжалды, конфликтті) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу келісімі жатқызылады.

Істі сот талқы­лауына дайындау барысында судья тараптарға құқықтары мен міндеттерін түсін­діре отырып, оларға істі бітімгершілік келісіммен, партисипативтік рәсім тәрті­бімен шешу немесе медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі туралы ескертеді

Барлығымыз білетіндей, сот – бұл жария процесс, ал медиацияға келетін болсақ, медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді және де медиаторға белгілі болған ақпараттар тараптардың рұқсатынсыз, келісімінсіз жария етуге мүмкіндік берілмейді. Нақтылай келе демек, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат берілмейді. Тараптар медиаторға жүгінуді екі жақты келісіммен келеді. Ал, егерде дауды (проблеманы) медиациямен шешу мүмкін болмаса, тараптарда сотқа жүгіну құқығы сол қалыпта сақталады.

Азаматтық Процестік Кодексі ережелерінде айтылғандай, бірінші сатыдағы сот­та медиацияны жүргізу үшін басқа судьяға берілетіндегі бекітілген, бірақ та тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны ең басында бастаған судья аяқтай алады.

Бұл заңның біздің қоғамның мүддесін қорғауда атқарар рөлі зор. Мақсаты мен міндетін орынды пайдаланатын болсақ, ұтар жеріміз де көп болар еді. Өйткені медиаторлардың мақсаты – екі тарап арасындағы белгілі бір даулы мәселені сотқа дейін шешу. Егер дау өте күрделі болса, сотқа дейін оның күрделілігін төмендету.

Заңның басты мақсаты – екі жақтың құқын тең сақтап, мүдделерін қорғап алуларына жағдай жасау. Медиацияның қағидаттарына келер болсақ, ол – еріктілік. Азамат басына іс түссе медиация орталығына бара ма, жоқ па өзі шешеді. Екінші қағидаты екі жақтың да тең құқылығы. Мәселен, кәдімгі сотта қарапайым халық үшін күдік басым болады. Сот екінші тараптың мүддесіне жығылып отырған сияқты, мына тараптың дәлеліне аз көңіл бөліп отырған сияқты болып көрінеді де, сотқа деген сенімге де селкеу түседі. Ал медиацияның ерекшелігі екі тараптың да тең құқылылығының сақталуында.

Сонымен қатар, тағы бір ерекшелік медиаторлардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы. Тағы бір мәселе, егер екі тарап медиацияның көмегіне жүгінеміз деп тұрса оған ешқандай орган араласа алмайды. Одан кейінгі тағы бір қағидаты – құпиялылығы. Жасыратыны жоқ, соттың шешіміне байланысты қоғамдық пікір туып жатады ғой. Келіспеушілік, наразылық білдіреді соңында. Ал медиация заңына жүгінгенде ол жерде бәрі құпия күйінде шешіледі. Медиатор және екі тарап қана мәселенің қалай шешілгенін біле алады.

Медиацияның біздің елімізде болашағы зор. Оны бірдеңгейде қолдасақ, медиация халқымызға игі әсерін тигізері анық.

А.ДУСАЛИЕВ,

Шымкент қаласының

заматтық істер жөніндегі

ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған