Бүкіл еліміздегідей Түркістан облысының аумағында да Қазақстандағы тілдер мерекесі күні мен алаш көсемдерінің бірі, қазақ тілінің реформаторы, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай да көптеген іс-шаралар өткізілді. Өйткені, алаш арысы мен мемлекеттік тілдің біте қайнасқаны соншалықты мемлекет Тіл мерекесін арнайы Байтұрсыновтың туған күніне тағайындады. Яғни бүгінгі мемлекеттік тілге Ахмет атамыздың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сол себепті алаш арысы мен қазақ тілі бірге тойлануда.
Сауран ауданында Тілдер мерекесі жас ұрпақтың қатысуымен өткізілу арқылы оқушылардың мемлекеттік тілге құрметін оятып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында іске асырылуда. «Ж. Тәшенев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесінің тіл мамандарының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек — Қазақстан халықтар тілдері күні мерекесімен қатар келген тіл майталманы А. Байтұрсыновтың туған күніне орай үлкен іс-шара өткізілді. Іс-шара жоспары бұйрыққа сәйкес жоспарланып, 5 қыркүйек күні салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, қазақ, өзбек, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқумен қатар өлең оқып, би билеп, ән салып, өздерінің барлық тілді терең меңгергендерін көрсете білді. Алдағы уақытта тіл бірлестіктері жоспарға сәйкес іс-шараларды мұғалімдер мен оқушылар бірлесе отырып, өз деңгейінде өткізуді де жүзеге асыруды ойластыруда.
5 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай 11-сынып оқушыларымен бірге «Үш тілді білу-заман талабы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Исмаилованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: президентіміз бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Дөңгелек үстел айналасына жиналған тіл жанашырлары өз ойларын ортаға салып, қызу пікірталас жүргізіп берілген сұрақтарды өзара талқылады. 11-ә сынып оқушысы Зафарова Айдина, Фазилова Гулзада қазақ тілінде тіл туралы жазған ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ағылшын тілінде Бахтиярова Сарбиназ, орыс тілінде Эрмамметов Абдуғани сияқты оқушылар өз ойларын ортаға салды.
А.Югнаки атындағы жалпы білім беретін мектебінің Тілдер мерекесіне орай «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» тақырыбында 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында өткізілетін онкүндіктің ашылуы болды. Бұл шараны дайындаған мектеп директорының бейіндік жөніндегі орынбасары Жанар Шошибаева
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы үнемі айтып, ескертік келе жатқан балалардың қауіпсіздігі мен қорғалуы мәселесі де ұмыт қалмай «А.Югнаки атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балаларды қорғау мақсатында «Жолда жүру ережелерін»,«Булнинг туралы», мектептің ішкі тәртібі мен формасы туралы оқушыларға түсіндіру үшін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары С.Абдувалиев Сауран АПБ, ЖПҚ, ЮПТ, УПИ полициясы капитаны Талғат Онбаев қатысып, оқушыларға жол-көлік оқиғалары мен балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру шараларын айтты. «Булинг» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Бердіқұлова мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыра келіп, мектепке мектеп формасын киіп келу заңнамаларын оқушыларға түсіндіріп өтті.