• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Атақты «A’Studio» тобының əндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн» («Стоп,ночь») фильмі премьерасының күні белгіленді

09.09.2024
in Басты ақпарат
Атақты «A’Studio» тобының əндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн» («Стоп,ночь») фильмі премьерасының күні белгіленді

Атақты «A’Studio» тобының əндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн» («Стоп,ночь») фильмі премьерасының күні белгіленді.
«Тоқта, түн!» — бұл A’Studio тобының əндері желісімен түсірілген толықметрлі киномюзикл. Премьерасы 2024 жылдың 5 қыркүйегіне жоспарланған.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026

Синопсис

Фильм өз арманына нық сеніммен келе жатқан жас музыкант Бейбіт туралы. Əке рөліне енді үйреніп келе жатқан Бейбіт, шығармашылық пен отбасылық өмірді тең ұстауға тырысады. Өзіне ғашық биші қыз Джулияны кездестіргенше бəрі ойдағыдай еді.
Бұл оқиға ақын жəне музыкант жас жігіттің өмірі, махаббат, достық жəне де сүйікті қала Алматы туралы.

Фильм туралы

Кинокартинада негізгі оқиғаларды бейнелеуге алматылық «A’Studio» тобының 17 əні ұсынылған. Мюзиклде тыңдармандардың сүйікті хиттеріне айналған «Стоп, ночь!», «Солдат любви», «Грешная страсть», «Тик-так», «Еще люблю» жəне «Джулия» сияқты басқа да əндер орындалады. Көрерменге тосынсый ретінде топтың аты «Алмата» кезіндегі алғашқы альбомдағы əндер қазақша шырқалады.
Фильмде «A’Studio» тобының негізін қалаушы, продюсер Байғали Серкебаевтың жаңа өңдеуден өткізген əндері орындалады.
Фильмнің продюсерлерінің бірі, Америкалық мюзикл жəне драма академиясының түлегі, «Инопланетяне ни при чем», «18 килогерц», «Схема» фильмдерінің продюсері Дина Жұмабек.
Фильмге динамика мен энергия беретін ең жарқын музыкалық сахналарды қоюға 500 ден аса əртүрлі стильдегі бишілер қатысты. Би қойылымдарын хореографтар Арсен Именов — (Қазақстан), «Танцы» жобасының қатысушысы жəне Мадонна, Пафф Дэдди сынды əлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген Сапл Нам (Ұлыбритания) қойды.
Фильмді Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Medeor» ЖШС түсірді.
«Қазақстандық киноматографиясының тарихында музыкалық картина көп емес. Алғашқы мюзикл режиссер Шəкен Аймановтың 1958 жылы жарық көрген «Біздің сүйікті дəрігер» картинасы. Онда басты рөлді менің əкем Ермек Серкебаев сомдаған. Мюзиклдің композиторы кемеңгер Александр Зацепин. Оның, менің əкемнің орындауындағы, «Надо мной небо синее» əні мега-хитқа айналып, миллиондаған көрерменннің жүрегінен орын алған. Жарты ғасыр өткен соң, 2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Стоп, ночь» фильмінің премьерасы болады. Мен осы картинамыз Қазақстандағы киномюзикльдер эстафетасын жалғасытрғанын қалаймын», – деді Байғали Серкебаев.

Жобаның басты қатысушылары

●      Оператор: Александр Плотников («Тұлғалық өсі тренингі», «18 килогерц», «Схема», «Аманат», «Разрывая замкнутый круг», «Сказ о розовом зайце»)
●      Қоюшы суретші: Алексей Шиндин («Тұлғалық өсі тренингі», «18 килогерц», «Схема», «Стриж», «Бауыр»)
●      Хореография: Арсен Именов, Сапл Нам ● Продюсерлер: Байғали Серкебаев, Дина Жұмабек ● Актерлер:
Кемеңгер Оралов — Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, мамандығы — «драма жəне кино актері» («5:32» сериал / 2021, «Ключи счастья» сериал / 2022, «Рокировка» / 2022)
Қарлығаш Ермекова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Мемлекеттік жəне халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты, MOLDANAZAR тобының клавишта орындаушысы.
Жасмина Нурахметова – кəсіби биші, хореограф, “JD DANCE” би ұйымдастырушысы. NAZIMA, Say Mo сияқты əншілерге би қойған.
Raim&Artur&Adil  “Симпа”,  Ирин Кайратовна  “Wu     Kang”,     Ninety One
“Senorita” бинебаяндарына түскен.

«A’Studio» тобы туралы «A’Studio» – бүкіл əлем бойынша тыңдармандарын əдемі əуен мен жүрекке жеткізер сөздерімен тəнті еткен қазақ музыкасының пионерлері. Қазіргі таңда да олардың мұралары жаңа толқынды əртістер мен сүйікті тыңдармандарына шабыт беруде.

Қолдағандар мен серіктестер

Фильмнің жарық көруіне қолдау білдіргендер: KMF, Кинопоиск, Яндекс Плюс, Air Astana, Алматы қаласының халықаралық əуежайы жəне медиамаркетингтік агенттік Nonna Marketing Agency, фильмнің бас ақпараттық серіктестігі WeProject.media, сыртқы жарнама бойынша медиа серіктес Citix.
«Тоқта, түн!» фильмі 2024 жылы 5 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі. ҚР территориясындағы дистрибьютор компания «Sulpak Cinema».
Фильмнің Instagram аккаунтына сілтеме:
https://www.instagram.com/stopnight_film?igsh=ajlveXpnaTBuZmdx

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған