• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 20 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛЫП, АЛҒАШҚЫ ТУРНИР ӨТТІ

08.09.2024
in Басты ақпарат
ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛЫП, АЛҒАШҚЫ ТУРНИР ӨТТІ

Елімізде азаматтардың денсаулығын сақтау мен бұқаралық спортқа тарту бойынша нақты іс-шаралар іске асырылуда. Соның ішінде мемлекет тарапынан балаларды қорғау мен қолдау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнаулы бағдарламалар жұмыс істейді. Соған байланысты барлық облыстардағыдай Түркістан облысының қала, аудандарында да мемлекеттік балаларға арналған саясатын жүзеге асыруға мән беріледі. Балалар дүниеге ең көп келетін облыста жас ұрпақтың білім мен тәрбие алуына, денсаулығын сақтап, нығайтуға, белсенді де шымыр болып өсуіне, бұқаралық спорттың қалаған түрімен айналысуына барлық жағдай жасалуда.
Таяуда сол бағыттағы шаралардың бірі Төлеби ауданы Сұлтан Рабат елді мекеніндеіске асып, спорт алаңы пайдалануға берілді. Округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін алаңға «Бірлік» атауы берілді. Ұлт аралық татулық пен бірлікті дәріптеп, көп ұлтты халықтың ынтымағын нығайту мақсатында спорттық жарыстар өткізуге арналған футбол алаңының құрылысына аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Заман талабымен салынған футбол алаңы барлық стандарттарға сай. Құны 14 млн теңгені құрайды.
Жаңа алаңның ашылуына орай, ұйымдастырылған мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, Киелітас ауылдық округі әкімінің орынбасары Нәби Садықбеков қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Футболдан балалар арасында Сұлтан Рабат мектебінде ұзақ жылдар бойы басшылық еткен, ұлағатты ұстаз марқұм Тойчиев Ирисмат атаны еске алуға арналған турнир өткізілді.
— Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауданда 206 спорт ғимаратты қызмет көрсетеді. Футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау үшін арнайы жобалар қолға алынды. Жалпы аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерге 137 кәсіби жаттықтырушы-мамандар және 360 топта, 4600 оқушыға жаттығу сабақтарынан білім беруде.» — деді құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы.
Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етіп жүрген азаматтар аудандық мәслихаттың, ауылдық округ әкімінің «Алғыс хаты» табыс етілді. Футболдан өткен ашық турнир қорытындысымен жеңімпаз атанған командалар марапатталды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19.05.2025
Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары

Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары

18.05.2025

Нақты сектор табысқа ие болуда: кәсіпкерлер «Ulttyq ónim»көрмесінде өз жетістігін паш етті

18.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ 15 891 ВЫПУСКНИК ОКОНЧИТ ШКОЛУ

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ 15 891 ВЫПУСКНИК ОКОНЧИТ ШКОЛУ

19.05.2025
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

19.05.2025
ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

19.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған