• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАСТАРҒА — БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ, ҚАРТТАРҒА — БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС

07.09.2024
in Басты ақпарат
ЖАСТАРҒА — БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ, ҚАРТТАРҒА — БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС

Мемлекет еліміздің болашағы – жас ұрпақтың туылғаннан бастап қамқорлықта болуын, ана мен баланың қауіпсіздігі мен қолдау көруін және бүлдіршін өсе бастағаннан балабақша, мектепте білім-тәрбие алуынбұқаралық спортпен шұғылданып шымыр, дені сау азамат болып өсуін қамтамасыз ету бойынша көптеген шараларды жүзеге асыруда. Сол сияқты еңбек адамына, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге де мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер мен белсенді де салауатты өмір сүру дағдысын ұстануына жағдайлар жасалып отыр.
Түркістан облысының барлық қала, аудандарында балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептеріне қоса түрлі балалар ойын және спорт алаңшалары, ашық және жабық спорттық кешендер ашылған. Оларда бүлдіршіндер мен жеткіншектер түрлі ойындар ойнап, бұқаралық спорттың түрлерімен шұғылданып ширақ та шымыр болып өсуіге мүмкіндік алады. Ал облыс аумағындағы өңірлерде жұмыс жасап тұрғын зейнет жасындағы аталар мен әжелерге арналған орталықтарда қарттар демалып, түрлі спорттық, басқа да ойын, жаттығулармен шұғылданып, бір мезгіл қауқылдасып қайтады.
Отрар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы осы бағыттардағы аудан орталығында орналасқан «Отырар спорт клубы» мекемесінің бұқаралық спортты дамыту бағытындағы және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ардагерлерге арнаған шараларының жоспарларымен танысты.
Аудандағы спорт түрлерін дамыту, спорттық-бұқаралық спорттық жарыстардың, спартакиадалардың оқу жаттығу жиындарын және басқа да дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыратын мекемеде 7 спорт маманы, 7 жаттықтырушы, 13 нұсқаушы қызмет етеді. Спорт клубының директоры Жұмабай Сәрсенбаев аудан спортшыларының жетістіктері туралы айтып өтіп, жабық спорт жайын салу туралы ұсынысын жеткізді.
Аудан басшысы аудан жастарын спортпен айналысуға тарту, аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстарды жандандыру керектігін жеткізіп, айтылған ұсыныс-пікірлерге байланысты заңдылығына қарай тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Аудан әкімі одан әрі аудан орталығындағы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, ардагерлермен кездесті.
2022 жылы ашылған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының негізгі қызметі белсенді және салауатты өмір салтын жақсарту, зейнет жасындағы ардагерлердің қоғамға деген белсенділігін арттыру, зияткерлік қоғамдық, шығармашылық өмірге тарту болып табылады. Орталықта әлеуметтік-медициналық, психологиялық, мәдени-құқықтық, демалыс және ағартушылық, еңбек қызметтері көрсетіледі.
Кездесуде ардагерлер бір сәт бас қосып, қажетті әлеуметтік қызметтерді алу үшін баратын орынға айналған орталықтың жұмысына көңілі толатындарын айтып, зейнеткерлерге осындай жағдай жасап жатқан мемлекетке, оны ауданда жүзеге асырып жатқан азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.
Аудан әкімі қоғамның дамуы сол қоғамның қарт адамдарға қарым-қатынасымен өлшенетінін айта келе, рухани құндылықтарымызды, ел бірлігін, діни татулық пен тұрақтылықты аудан тұрғындары арасында насихаттауда ардагерлердің еңбегі өлшеусіз екенін айтып өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған