• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Мемлекет тарапынан отбасылық құндылықтарды нығайту

07.09.2024
in Басты ақпарат
Мемлекет тарапынан отбасылық құндылықтарды нығайту

Мемлекет тарапынан отбасылық құндылықтарды нығайту және демографиялық саясаттарды жүзеге асыруға көп көңіл бөлініп отыр. Отбасылық құндықытарды нығайту мен бала туудың көрсеткішін көтеру үшін мемлекет көптеген жеңілдіктер жасап, өтемақы, төлемақылар төлеп, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қолдау жасауда. Елімізде ана мен баланың қауіпсіздігін қорғау мен оларды жан-жақты қолдау бойынша да түрлі бағдарлама мен жобалар іске асырылуда. Осының барлығының арқасында елімізде отбасылардың шаңырағының шайқалуы азайып, туылған сәбилер саны артып келеді. Республика бойынша халқының саны көп аймақтың бірі ретінде Түркістан облысында жыл сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің саны ел бойынша ең жоғары деңгейде. Онымен бірге облыста егіз және үшем босанушы аналар қатары да жыл санап артып келе жатыр.
Бәйдібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауданымыздың көпбалалы, алтын құрсақты аналары марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен марапатқа ие болған 33 ананың 8-і алтын, 25-і күміс алқа иегері.
— «Құрметті Алтын құрсақты аналар! Сіздерге әрқашан құрметтің жоғалмайтынын, еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалынып жатқанын білесіздер. Баланы дүниеге әкеліп, оны өсіріп, бағып, елдің азаматы етіп тәрбиелеп отырғандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық тілеймін» — деп, құттықтау лебізін жеткізген аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов марапат иелеріне алқаларын табыс етті.
Ал, Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа 4 жұп егіз бала мектеп табалдырығын аттады. Бұл егіздердің барлығы да көпбалалы отбасыларында дүниеге келіп, тәрбиеленіп келе жатқан жеткіншектер.
Аталған білім ошағының 1-а сыныбына барған Серікбай Амина, Серікбай Алинаның ата-анасы 7 баланы тәрбиелеп отырған қарапайым отбасы. Анасы жұмыссыз. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады. Ал 1-ә сыныбындағы Нұрғали Ақарыс пен Нұрғали Бекарыстың отбасында алты бала тәрбиленуде. Әкесі әкімшілікте қарауыл қызметінде, ал анасы үй шаруасындағы әйел.
Сәрсен Нұрдәулет пен Сәрсен Бақдәулеттің отбасында 4 бала тәрбиеленуде. Егіздердің бірі Асқар Аяна мен Аяла. Бұл отбасыда 6 қыз 1 ұл тәрбиеленуде. Анасы Жаңабекова Баян ауылдық кітапханада меңгеруші болып жұмыс жасайды. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған