• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТӨРТ МЫҢ ОҚУШЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА ҒИМАРАТТА БАСТАДЫ

05.09.2024
in Басты ақпарат
ТӨРТ МЫҢ ОҚУШЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА ҒИМАРАТТА БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы елімізде білім саласына ерекше көңіл бөліп, білім сапасын көтеру үшін мектеп ғимараттарын да заман талабына сай етіп салу мен пән кабинеттерін жабдықтау, инфрақұрылымын жетілдіру керектігін айтып «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске қостырды.
Түркістан облысында екі жылда 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп, 1500 орындық 4 мектеп және 2000 орындық 2 мектеп салынады. Жоба аясында 2023 жылы құрылысы басталған 29 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сонымен бірге арнаулы жоба, бағдарламалар негізінде және жеке инвесторлардың қатысуымен де облыс аумағында көптеген мектептер салынуда.
Бүгінде Түркістан облысының білім саласында инфрақұрылым қарқынды дамып, құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Осы орайда жаңа 2024-2025 оқу жылында өңірде жаңа 21 мектеп ашылды. Оның 6-ы мемлекеттік бағдарлама арқылы салынса, 15-і жекеменшік мектеп. Нәтижесінде, 4 мыңға жуық бала оқу жылын жаңа ғимаратта қарсы алды.
Атап айтқанда, Қазығұрт ауданындағы Көкібел ауыл округінде орналасқан С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебі 1962 жылы салынған. Тозығы жеткен мектепте білім алып жүрген оқушыларға биыл жаңа ғимарат салынды. Онда спорт залы, лингофондық кабинеттер, асхана, робототехника кабинеті, ішкі әжетхана, психология және дефектология кабинеттері қарастырылған. Сондай-ақ, Төлеби ауданында ашылған Тағайна жалпы білім беретін мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін жеделсаты, пәндік кабинеттер бар. Ал Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек мөлтек ауданында ашылған мектепте 1-11 сыныптың оқу бағдарламаларын оқытуға барлық мүмкіндіктер бар. Онда осы уақытқа дейін 50 орындық саманнан салынған бастауыш мектебі болған.
Сонымен қатар, облыста «Қазақстан халқына» қоры тарапынан 20 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның биыл 13-і пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, биыл облыстағы 4 апатты және 5 үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешіледі. Осы мақсатта 29 «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Білім саласына байланысты жиындардың бірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды:
– «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. Енді осы жобаны сапалы жүзеге асыру керек. Жауапты орынбасар, басқармалар, аудан, қала әкімдері білім ұяларының құрылысын уақтылы әрі талапқа сай етіп аяқтау бағытында жұмыс істеңіздер. Мектептердің инфрақұрылымын тарту, газ, су, электр, жылу, ғаламтормен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдансын. Мектептердің құрылыс материалдары сыртқы және ішкі көрінісі, сәулеттік жобасы бойынша да барлық мердігерге біріңғай нұсқа берілуі тиіс. Ең бастысы, осы «Жайлы мектептерді» жоғары деңгейлі ұстаздармен қамту аса маңызды. Қазірден бастап білікті басшылар мен мұғалімдер жасақтауды қолға алған жөн, – деген болатын.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 49 мың оқушыны қамтитын 63 мектеп салынады. Оның 29-ының құрылысы былтыр басталып, 2024 жылы аяқталады. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынатын бұл білім ұялары өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге серпін береді.
Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм әзірленді. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып жатыр. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынады. Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған