• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Әдеп нормаларын сақтау — мемлекеттік қызметшінің басты міндеті

04.09.2024
in Құқық-заң
Әдеп нормаларын сақтау — мемлекеттік қызметшінің басты міндеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жедел әрекет ету болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Президенттің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітіліп, осы кодексте мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары айқындалған болатын.
Олар: адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық және клиентке бағдарлану.
Сондай-ақ, аталған кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне негізделіп, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға бағдарланған.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселері қатаң бақылауға алынған.
Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлануы үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өткенін білеміз.
Бүгінгі күні қоғам мемлекеттік қызметшілерден біліктілігімен қатар олардың әдептілігін, адалдығын, адамгершілік қасиетін және жоғары мәдениеттілігін талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Әдеп кодексі қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсінуде және қолдануда ерекше маңызға ие. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары заманауи мемлекеттік қызметшілерінің болмысынан көрініп тұруы керек.
Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің мысалдарын кеңінен жариялап отыру маңызды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы әр түрлі құқықбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан, әдеп нормаларын мінсіз сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексін ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметкерлердің сыпайы, адал, сабырлы, алмақты, ұқыпты болуы кез келген ортада өзін іскерлік стильге сай ресми түрде ұстануы міндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдауы, жалған ақпарат таратпауы және мемлекеттік меншігін тек қызмет бабында пайдалануы қажет.Мұнан басқа, мемлекеттік қызметші жемқорлыққа жол бермеу, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы керек.
Гүлсара ТАНКИБАЕВА,
Астана қаласы,
Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған