• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 9 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Әділдік орнаған жерде дау туындамайды

03.09.2024
in Құқық-заң
Әділдік орнаған жерде дау туындамайды

Әділ шешім шығару – әрбір судьяның қасиетті парызы. Судья болу үлкен жауапкершілікті талап ететін қиын жұмыс, әрі ол кез келген адамның қолынан келе бермейді. Судья болу үшін заңды жақсы білу жеткіліксіз; бұл жұмысқа парасаттылық, көрегендік, даналық және мол тәжірибе қажет.
«Бидің жолы – ақ, судың жолы – сара» деген сөздер бұрынғы билердің қоғамдағы мәртебесінің жоғары болғанын көрсетеді. Бүгінгі судьялар да сол билердің ісін жалғастырушылар ретінде танылып, тәуелсіз Қазақстанда дауларды әділ шешу миссиясын атқарып келеді. Олардың қоғамдағы беделі де осы маңызды міндеттерге байланысты жоғары.
Өмірде ауылда, ел арасында немесе отбасы ішінде дау-жанжалдар мен түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда заңды білетін, әділ билер дауды шешіп, әділ төрелік жасайды. Би істі қараған кезде екі тарапты да тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қолданыстағы заң нормаларына сүйене отырып заңды әрі негізді шешім шығарады. Бұл – қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан дәстүрлі құқықтық тәртіп. Егер шешім әділ болса, тараптар оны қабылдап, ризашылық білдіреді.
Қазақ қоғамында билер мен қазылар дау-жанжалды шешуде маңызды рөл атқарған. Би – бір мезгілде сот, прокурор, тергеуші және қорғаушы рөлін атқарған тұлға.
Судья алдына келген әрбір адам әділдік іздеп келеді және төрелік етуші орнында адам жанайқайын түсінетін, тыңдай білетін, парасатты, білімді, мейірімді тұлғаны көргісі келеді. Азаматтардың сотқа және судьяның шығарған шешіміне деген сенімі мен үміті дәл осы алғашқы әсерлерден қалыптасады. Сондықтан судья әрдайым сыпайы, ұстамды болып, заңды қолдануда даналық танытуы заман талабына сай екенін түсінуі қажет.
Ата Заңымызда судьяның сот төрелігін жүзеге асыру барысында тәуелсіз болып, тек Конституция мен заңға ғана бағынуы қажет екені, сондай-ақ судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла алатыны нақты көрсетілген. Шын мәнінде, сот төрелігін іске асыратын және сот алдына келген әрбір адамның тағдырына әділ үкім шығаратын адамдардың білімді болуы аса маңызды.
Судьялардың қызметі үнемі халықтың назарында болғандықтан, олардың жүріс-тұрысы, жоғары моральдық-әдеп талаптарына сәйкес іс-әрекеттері ел мен қоғам алдындағы ерекше жауапкершілікті толық түсінетіндігін көрсетеді. Бұл судьялардың қоғамдағы беделінің жоғары екенінің дәлелі.
Судьялар әрдайым өз анттарына берік болып, кез келген қоғамдық қызметте немесе тұрмыстық жағдайларда әдептілік нормаларын қатаң сақтауы тиіс, әрі судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып қалуы қажет.
Судьялар үнемі көпшіліктің назарында болғандықтан, қоғам олардың моральдық бейнесіне қатаң талаптар қояды. Заңын құрметтейтін, сотына сенім артатын қоғам – ең дамыған қоғам. Сондықтан, биліктің үшінші тармағы – сот жүйесі қоғамның сенімін ақтауы тиіс.
Ата-бабаларымыз «Елге – бай емес, би құт», «Әділ бидің елін дау араламайды» деп бекер айтпаған. Өткен ғасырдың ұғымымен айтсақ, қазіргі судья – кешегі бидің заманауи үлгісі. Судьялардың тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлі мен маңызы өте зор, сондықтан халық алдындағы сот билігінің беделін көтеріп, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыру және сот қызметінің сапасын жақсарту барлығымыздың ортақ міндетіміз.
C.САКОВА,
Шымкент қаласы
азаматтық істер жөніндегі
ауданаралық соттың судьясы.

Оқи отырыңыз...

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ЖОЮ – МІНДЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ЖОЮ – МІНДЕТ

07.11.2025
ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

02.11.2025
ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

01.11.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

08.11.2025
Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

08.11.2025
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

08.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған