• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

03.09.2024
in Басты ақпарат

Мемлекет өзінің болашағы жарқын болуы үшін халқының рухани-мәдени деңгейін көтеріп, ұлттық және отаншылдық қасиеттерін қалыптастыруға тырысады. Өйткені отаншыл азаматтар елінің дамуына белсенді үлес қосып, рухты жастары отан қорғауға әркез дайын болады. Сондықтан да Түркістан облысының басшылығы өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен ұлттық спорт түрлерін жаңғыртып, насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып отаншылдық қасиеттерді сіңіруді мақсат етіп өнер фестивалін ұйымдастыруды қолға алған. Бұл дәстүрге айналып келе жатқан облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалі Түркістан қаласының төрінде биыл екінші рет өткізіліп отыр.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырған «Өнерлі өлке» өнер фестивалі ұлттық мәдениетімізді, мәдени демалыс қызметін және халық шығармашылығын дамыту, жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды дәріптей отырып, келешек ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеу және облысымыздың туристік әлеуетін дамыту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сауран ауданының мәдениет күндері екі күнге жалғасып, өз мәресіне жетті.
Алғашқы күні «Этноауыл» аумағында аудан қолөнершілерінің көрмелері, ұлттық ойын-сауық және салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сахналанды. Сондай-ақ, «Дала рухы» ансамблінің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Этноауыл» аумағында ұлттық ойындардан (қазақша күрес, қол күрес, садақ ату, ләкәш, асық ойындары, гір тасын көтеру, аударыспақ, тоғызқұмалақ, қойшы ойыны, сақпан ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, арқаласпақ, т.б.) сайыстар өтті.
Сауран ауданының мәдени күндері «Керуен Сарай» кешенінде Гала концертпен қорытыланды. Кешкі шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев қатысып, игі лебізін білдірді.
Сауран ауданы өнерпаздарының және «Алдараспан» театрының әртісі Нұржан Төлендиев және эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бақытжан Мұстафаев, Данияр Барыстың қатысуымен мерекелік Гала-концерт тамашаланып, түркістандық жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған