• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАҢА ҒИМАРАТТАРДА БІЛІМ АЛУДЫ БАСТАДЫ

03.09.2024
in Басты ақпарат
ЖАҢА ҒИМАРАТТАРДА БІЛІМ АЛУДЫ БАСТАДЫ

Түркістан облысында жыл сайынғы дәстүрге айналған әдет бойынша жаңа оқу жылы басталарда ірілі-ұсақты ондаған мектеп ғимараттарының құрылысы бітіп, пайдалануға беріледі. Биылғы жылы да сол ғұрыпқа айналған игі іс жалғасын тауып, облыс қала, аудандарында, елдімекендерінде көптеген мектеп ғимараттары іске қосылып, оқушылар жаңа сынып, кабинеттерде оқуын бастап жатыр.
Солардың қатарында Сарыағаш ауданына қарасты  Дарбаза ауылдық округі, Сарысу елді мекеніндегі  №40 Н. Әбдіров атындағы негізгі орта мектептің  200 орындық оқу ғимаратының құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында  пайдалануға берілді. Білім ұясының ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев  арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, жергілікті тұрғындарды құттықтады.
-Баршаңызды «1 қыркүйек – Білім күні»  мерекесімен, жзаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысының білім саласына , ел ертеңі жас ұрпаққа деген қамқорлығының арқасында бүгін Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі, Сарысу елді мекенінде №40 «Әбдіров» атындағы негізгіорат мектептің 200 орындық жаңа ғимаратын ашқалы  тұрмыз.Бұл мектеп қазіргі заманауи талапқа сай жабдықталған. 2024-2025 жылдары  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 10 мектеп біздің ауданымызда салынады,-дей келе аудан басшысы мектеп ұжымын жіне ауыл тұрғындарын құттықтап, құрылысқа жауапты болған мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС мекемесіне алғысын білдірді.
Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалы да құттықтау сөз сөйлеп, аудан басшысына ақ батасын беріп,ауыл тұрғындарының атынан ризашылығын білдірді.Іс-шара салтанатты түрде ұызыл лента қию рәсімімен жалғасты.
Білім ұясында  16 білікті ұстаз 80 оқушыны  білім мен тәрбиеге баулып, саналы ұрпақ қалыптастыру мақсатында аянбай тер төкпек. Жаңадан бой көтерген оқу ғимаратында 15 оқу сыныптары бар.  Химия, биология,  физика, информатика, лингофон және мультимедиялық форматтағы пән арнайы пән кабинеттері озық үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. 30 орындық асхана, кең спорт залы бар. Сонымен қатар, ұлдар және  қыздарға арналған шеберханаларына станоктар мен тігін машиналары орнатылған. Балалардың білім көкжиектерін жан-жақты дамыту мақсатында мектеп ішінде кітапхана да орын тепкен. Білім ордасының қауіпсіздік жағы да күшейтілген.
Айта кетсек, мектепте бұған дейін оқу кабинеттері аз болып,  асхана мен спорт зал болмаған. Облыстық бюджет есебінен салынған нысанның құрылысы 2022 жылы басталып, ағымдағы жылдың білім күні қарсаңында ел игілігіне табысталды.
Ал, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты И.Журба атындағы білім беретін мектебіне қосымша екі қабатты жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Жаңа қосымша мектептің салтанатты ашылу рәсімі мен алғашқы қоңырауына Қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы, қалалық білім бөлімі басшысысы Әшімхан Тілеуханұлы, «Ардагер ұстаз» Әбдісаттар Сағатұлы және «Қамқоршылық» кеңес төрағасы Ақынбаба Сыздықұлы, мектеп директоры Мария Мұстафа Мұзаппарқызы сөз сөйлеп, мұғалімдерді, оқушыларды және ата-аналарды 1 қыркүйек – Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен, жаңа қосымша ғимараттың пайдалануға берілуімен құттықтады.
Игі шарада Әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді.
Білім алушылар 300 орындық жаңа мектебіне өнерін арнады.
Биыл қаламызға қарасты 37 мектепте 19761 мың оқушы тәрбиеленсе, оның ішіндегі 1 сынып оқушылары 1210 бала мектепке алғаш қадам басты. Қолдарына «Әліппесін» қыса ұстаған олар «Мектеп» атты кеменің жолаушылары атанды.
Шара барысында жиынның сәнін кіргізіп, бірінші және он бірінші сынып оқушылары күміс қоңырауды сыңғырлатты.
Көпшілік талапқа сай безендіріліп, жабдықталған жаңа мектепті аралап көріп, өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барша жағдай жасалғанына көз жеткізді.
Мұнда жылу жүйесі, ойын және спорттық алаңшалар орнатылған.
Барлық оқу кабинеттері жаңа парта-стөлдермен, интерактивті тақталармен, ішкі әжетханаларымен жабдықталған.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған